28 қазан күні Астанада өткен кездесуде «Барыс» ХК өз алаңында бұл құрамаға 1:5 есебімен есе жіберіп алған болатын. Осы матчта «Трактордан» басым түскен астаналықтар осымен өзге алаңда қатарынан екінші рет жеңіске қол жеткізді. Осылайша, Қазан қалысының «Ақ Барс» командасын ұпай бойынша басып озып, ҚХЛ-дың Шығыс Конференциясында көш бастауға мүмкіндігі туды.
«Барыс» ХК «Тракторға» қарсы матчта бірінші минуттарда-ақ алдыңғы кездесуде кеткен еселерін қайтаруға кірісті. Кездесудің екі кезеңінен кейін-ақ ойынның нәтижесі белгілі бола бастады — 0:4. матчтың 8-минутында Дмитрий Упер, Роман Старченко, Найджел Доус және Михаил Паньшин ерекшеленді.
Келесі ойынды елорда клубы 5 желтоқсан күні Нижнекамскіде жергілікті команда «Нефтехимикпен» өткізеді. Ойынның басталуы Астана уақыты бойынша 21:00-де.