Қытайдың бұл ұсыныстары Пәкістанның созылмалы энергетикалық дағдарысын тоқтатып, елді аймақтық экономикалық орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Би би си.
Жоспардың басты пункті қытайлық-пәкістандақ экономикалық дәліз деп аталып отырған — үш мың шақырымдық автомобиль және теміржолдар құрылысы, сондай-ақ пәкістандық Гвадар кемежайынан Қытайдың батысындағы Қашғар қаласына дейін созылатын құбыр жобасы болып табылады.