Жарияланды: 350

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аймағында жедел қарқынмен инфрақұрылымдық желі құруды ұсынады

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аймағында жедел қарқынмен инфрақұрылымдық желі құруды ұсынады. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшылары кеңесінің 7-ші отырысында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Энергетика, транспорт және телекоммуникациялар саласындағы пилотты жобаларды қаржыландыруға басымдық беріп, жедел қарқынмен жүзеге асыру қажет. Қытай жағы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аймағында автожол желісін дамытудың орта және ұзақ мерзімді бағдарламасын жасап, "ШЫҰ-ның ақпараттық жылдамдықтағы жолы" жобасын пилотты жобаларға қосуды ұсынады", -деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін