ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао 27-31 қазан аралығында Қазақстан мен Ресейге ресми сапармен барады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао 27-31 қазан аралығында Қазақстан мен Ресейге ресми сапармен барады

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао 27-31 қазан аралығында Қазақстан мен Ресейге ресми сапармен барады

Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао 27-31 қазан аралығында Қазақстан мен Ресейге ресми сапармен барады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 21 Қазан 2008
  • 403
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен РФ үкімет абсшысы Владимир Путиннің шақыруымен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао 27-31 қазан аралығында Қазақстан мен Ресейге ресми сапармен барады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанға таяу күндерде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшылары кеңесінің 7-ші отырысына қатысу үшін бірінші ресми сапармен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао келеді. Бұл туралы журналистерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін Қытай Халық Республикасының елшісі Чэн Гопин мәлім етті.

«Өздеріңізге мәлім, жуырда Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшыларының кезекті отырысы өтеді. Оған Қытай жағынан премьер-министр Вэнь Цзябао қатысады», -деді Ч. Гопин. Оның айтуынша, «бұл Вэнь Цзябаоның үкімет басшысы ретінде Қазақстанға жасайтын бірінші ресми сапары, және ол екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дамуы үшін айрықша маңызға ие».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар