ҚХР пилотты ғарыш кемесін ұшырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР пилотты ғарыш кемесін ұшырды

ҚХР пилотты ғарыш кемесін ұшырды

ҚХР өз тарихында тұңғыш рет "Шэньчжоу-5" деп аталатын пилотты ғарыш кемесін ұшырды,- деп хабарлайды "Синьхуа" ақпараттық агенттігі.

  • 15 Қазан 2003
  • 660
Фото - Caravan.kz

38 жастағы Янг Ливэй Қытай тарихына тұңғыш ғарышкер ретінде жазылды. Ғарыш кемесі бүгін жергілікті уақытпен 9 сағатта ұшырылған. «Шэньчжоу-5» Қытайдың солтүстік -батыс бөлігінде, Пекиннен 1 мың шақырым қашықтықтағы Гоби шөлінде орналасқан Цзюцюань ғарыш айлағындағы ғарыштық базадан аспан кеңістігіне жол тартты. Ғарыш кемесі 21 сағаттан кейін жерге оралады деп күтілуде.

Сөйтіп, Қытай — КСРО мен АҚШ-тан кейін ғарышқа адам ұшырған дүниежүзіндегі үшінші ел санатына қосылды.
Ганьсу провинциясында , теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан Цзюцюань ғарыш айлағынан сынақ және қолданбалы мақсаттағы жасанды жер серіктері орта және төменгі жер орбитасына ұшырылады. Сондай-ақ, мұнда орта және алыс қашықтықтағы зымырандар ұшырылады. Ғарыш айлағы 1958-жылы салына бастаған. Өткен 40 жыл ішінде Цзюцюань ғарыш айлағында 9 рекорд тіркелді. Атап айтсақ, Қытай тарихында тұңғыш рет жақын қашықтыққа әсер ететін зымыранды сынақ мақсатымен ұшыру , ел тарихында алғаш рет «Дунфанхун-1» деп аталатын жасанды жер серігін ұшыру, 1980-жылдың 18-мамырында Тынық мұхитына қарай алыс қашықтықты зымыран-тасығышты ұшыру, 1981-жылы бір зымыран-тасығышпен жер орбитасына үш бірдей жасанды жер серігін шығару тәрізді оқиғаларды атауға болады.

Соңғы жаңалықтар