ҚХР Қазақстан экономикасын дамытуға инвестиция жұмсауға дайын, алайда, Пекин Шынжан-Ұйғыр автономиялық ауданын дамытуға Астана атсалысады дегенге сенім артуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР Қазақстан экономикасын дамытуға инвестиция жұмсауға дайын, алайда, Пекин Шынжан-Ұйғыр автономиялық ауданын дамытуға Астана  атсалысады дегенге сенім артуда

ҚХР Қазақстан экономикасын дамытуға инвестиция жұмсауға дайын, алайда, Пекин Шынжан-Ұйғыр автономиялық ауданын дамытуға Астана атсалысады дегенге сенім артуда

ҚХР Қазақстан экономикасын дамытуға инвестиция жұмсауға дайын, алайда, Пекин Шынжан-Ұйғыр автономиялық ауданын дамытуға қазақстандық кәсіпкерлер де атсалысады дегенге сенім артуда. Бұл туралы "Қазіргі заманғы Қазақстан мен Қытай: өзара ықпалдастықтың жаңа және дәстүрлі факторлары" тақырыбы бойынша бүгін, 29-маусымда Алматыда өткен дөңгелек үстелде Шанхай халықаралық зерттеулер институты директорының орынбасары Ван Сяошу KZ-today тілшісіне берген сұхбатында атап көрсетті.

  • 29 Маусым 2004
  • 692
Фото - Caravan.kz

В.Сяошудың айтуынша, Қытай Қазақстан экономикасының басымдық берілген бүкіл саласын, атап айтсақ, мұнайхимиясы, көлік, ауылшаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы мен сауда-саттықты дамытуға атсалысады. Қазақстан мен Қытай ғарыштық бағдарламаларды жүзеге асыру саласында да ынтымақтаса алады.

Таяу перспективада Қытай әсіресе мұнай өндіру, өңдеу және тасымалдау саласындағы ынтымақтастыққа мүдделілік танытып отыр. 2003-жылы Қытай 97 млн. тонна мұнай импорттады. 2004-жылы экономикалық өсім қарқынына байланысты бұл көлем 100-120 млн. тоннаға жетуі мүмкін. Сөйтіп, Қытай дүниежүзінде АҚШ-тан кейінгі ең ірі тұтынушыға айналды.
Алайда, В.Сяошудың айтуынша, бүгінге дейін Қытайдың отын-энергетика кешенін дамыту стратегиясы, соның ішінде мұнайды пайдалану стратегиясы болған жоқ. Қазір болашақ стратегияның негізгі принциптері айқындалды. Осы принциптерге сәйкес, Қытай экономикасының мұнай импортына тәуелділігі оның тұрақты даму факторына айналып отыр. Осыған байланысты Қытай дүниежүзі елдерінен мұнай импорттау бағыттарын белсенді түрде диверсификациялауды межелеген . Бұл өз кезегінде Батыс Қазақстан- Батыс Қытай бағыттындағы болашақ мұнай құбырының стратегиялық маңызын арттыра түсуде.

Перейти к новостям спорта