«Тауар және қызмет рыногына шығуға мүмкіндік беру туралы Қазақстан -Қытай келіссөздерінің табысты басталғанын атап өткен тараптар оны тез арада аяқтауға бар күшін салады»,- делінген құжатта.
Сонымен бірге декларацияда атап көрсетілгеніндей, «тараптар сауда-инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартуға, өз аумақтарындағы, әсіресе шекаралық аудандардағы екі елдің кәсіпорындарын қолдауға, өзара инвестициялар салуға, өндірістік жәнесауда-экономикалық іс-қызметті дамытуға құлықты. Тараптар өз аумақтарында екі ел компаниялары мен кәсіпорындарының заңды құқығын қорғайтын болады».
«Қазақстан мен Қытай өзара тауар айналымының құрылымын одан әрі кеңейту, екі жақты сауда-саттық аясында жоғары технологиялық және қосалқы құн салығы жоғары өнімдердің үлес салмағын арттыру, тауар айналымының құрылымын диверсификациялау бағытында бірлескен шараларды іске асыруды қолдайды»,- делінген құжатта. «Осыған байланысты тараптар өзара консультациялар мен екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселер бойынша диалог тетіктерін қалыптастыруға келісті»,- делінген құжатта.