ҚХР төрағасы Астанадағы келіссөздердің қорытындысына қанағаттанады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР төрағасы Астанадағы келіссөздердің қорытындысына қанағаттанады

ҚХР төрағасы Астанадағы келіссөздердің қорытындысына қанағаттанады

"Мен бүгінгі келіссөздердің қорытындысына қанағаттанамын және Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының болашағы зор дегенге кәміл сенемін". Бүгін, 4-шілдеде Астанадағы келіссөздерден кейін елімізге ресми сапармен келген ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Шiлде 2005
  • 406
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Қытай басшысы екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту және дамыту жөніндегі бүгін қол қойылған бірлескен декларация Қазақстан-Қытай қарым-қатынасын «тың мазмұнмен байытуға» мүмкіндік береді деген сенімде.

Ху Цзиньтаоның пікірінше, «Қазақстан мен Қытай саяси саладағы өзара сенімді күшейтіп, сауда-саттық, энергетика, көлік салаларындағы ынтымақтастықты пәрмендендіріп, білім беру, мәдениет, ғылым және техника саласындағы алмасуларды нығайтуы қажет». «Біз Қазақстанда Конфуций университетін ашуға септігімізді тигізуге дайынбыз. Сонымен бірге Қытай жағы Қазақстанның Қытайдағы мәдени орталығын ашу идеясын қолдайды»,- деді ҚХР төрағасы.

Перейти к новостям спорта