ҚХР төрағасы ЭКСПО-дағы Қытай павильонын аралады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР төрағасы ЭКСПО-дағы Қытай павильонын аралады

ҚХР төрағасы ЭКСПО-дағы Қытай павильонын аралады

Ляньюньган теңіз порты және «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы арасындағы контейнерлік қызметті іске қосу рәсімі ЭКСПО-дағы қытайлық павильонда ұйымдастырған телекөпір арқылы жасалды.

  • 8 Маусым 2017
  • 582
Фото - Caravan.kz

Сол жерде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қытайлық делегацияға, соның ішінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге өз алғысын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Құрметті Си Цзиньпин мырза, сізді Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде қарсы алуға қуаныштымын. Менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстан үшін, жалпы әлем үшін осынау аса маңызды шараға өзіңіздің келіп қатысып отырғаныңызға шын алғысымды білдіремін. ЭКСПО — энергетиканы дамыту саласындағы тәжірибемен алмасатын тамаша алаң. Қытай бірінші болып осы көрмеге қатысатынын растады. Ал «Болашақ энергиясы — жасыл Жібек жолы» тақырыбындағы экпозициясы ірі павильондардың біріне жатады. Қытай Халық Республикасы баламалы қуат көздері саласында әлем көшбасшысы болып саналады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

2020 жылға дейін Қытай осы салаға шамамен 360 млрд долларды жұмсауды көздейді. Бұл — барлық мемлекеттердің ішіндегі ең үлкен көрсеткіш.


«Мен білемін, сіздердің ЭКСПО көрмесіне қатысуыңыз технологиялық қарым-қатынасты ғана емес, мәдени байланыстарды да күшейте түседі», — деп атап көрсетті Елбасы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Респуликасының төрағасы Си Цзиньпин Ляньюньган теңіз порты және «Қорғас -Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы арасындағы контейнерлік қызметті іске қосты. Аталған жоба Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Қытайдың «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасын үндестірудің тағы бір айқын көрінісі болса керек.