ҚХР төрағасы мемлекеттік сапармен Ресей мен Қазақстанға келмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР төрағасы мемлекеттік сапармен Ресей мен Қазақстанға келмекші

ҚХР төрағасы мемлекеттік сапармен Ресей мен Қазақстанға келмекші

30-маусым мен 7-шілде аралығында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао мемлекеттік сапармен Ресей мен Қазақстанға келеді. Бұл туралы ҚХР сыртқы істер министрінің көмекшісі Ли Хуэй журналистерге арналған брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

  • 29 Маусым 2005
  • 405
Фото - Caravan.kz

Ли Хуэйдің айтуынша, Ресейге мемлекеттік сапары барысында Ху Цзиньтао РФ президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізіп, премьер министр Михаил Фрадковпен, РФ Федералдық жиыны Федерациялық кеңесінің төрағасы Сергей Мироновпен, РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Борис Грызловпен кездеседі.

Ал ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік сапары 3-4-шілдеге белгіленген. Ху Цзиньтао Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 5-6-шілдеде Астанада өтетін саммитіне қатысады деп күтілуде.
Мемлекеттік сапарлар Қытайдың сыртқы саясатында айрықша маңызға ие, деді Ли Хуэй. Атап айтсақ, Қытай-Ресей және Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының деңгейін көтеруге, тату көршілік , достық пен өзара тиімді ықпалдастықты нығайтуға баса назар аударылмақ.

Перейти к новостям спорта