ҚХР төрағасы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 460.37
  • 531.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР төрағасы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады

ҚХР төрағасы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады

26-желтоқсанда Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аяқталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Желтоқсан 2004
  • 347
Фото - Caravan.kz

Қазақстан парламенті өкілдерінің жетекшісін ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао қабылдап, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады. Оның айтуынша, бұл өзара саяси диалогты пәрмендендіру мен барыс-келістердің арқасы болумен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа мемлекет құруға бағытталған сындарлы саясатының жемісі болмақ.

Сонымен бірге Н.Әбіқав Бүкілқытайлық халық өкілдері жиынының тұрақты комитетінің төрағасы У Банго, саяси консультативтік халықтық кеңесінің Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Цзя Цинлинмен кездесті.
Бас қосуларда екі мемлекет арасындағы заң шығару, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, әлеуметтік даму, сондай-ақ, екі парламент пен түрлі депутаттық комитеттер арасында тікелей жұмыс бабындағы байланыстар орнату саласы бойынша өзара тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
ҚХР төрағасы Орталық Азия аймағындағы Қазақстанның жетекші ролін, сондай-ақ, Қытайдың сыртқы саяси жоспарлары шеңберіндегі республиканың алатын орнын ерекше атады.