ҚХР төрағасы Қазақстаннан Монғолияға аттанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР төрағасы Қазақстаннан Монғолияға аттанып кетті

ҚХР төрағасы Қазақстаннан Монғолияға аттанып кетті

Бүгін, 4-маусымда ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Астанадан Улан-Баторға аттанып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РИА "Новости" жаңалықтарынан мәлім болды.

  • 4 Маусым 2003
  • 466
Фото - Caravan.kz

Екі күндік сапар барысында Қытай жетекшісі Монғолияның мемлекет басшысымен келіссөздер жүргізіп, онда екі жақты ынтымақтастықтарды жан-жақты тереңдету мүмкіндіктерін талқылайды.

Монғолияға жасайтын мемлекеттік сапары барысында Ху Цзиньтао Монғолия парламенті- Мемлекеттік Ұлы Құрылтай төрағасы Санжбэгзийн Төмөр-Очирмен және үкімет басшысы Намбарын Энхбаярмен кездеседі.
Монғолия министрлер кабинетінің жетекшісімен кездесуде мемлекетаралық қарым-қатынастар мәселесі ғана емес, Қытай Компартиясы мен Монғол Халық Революциялық Партиясының өзара ынтымақтастығы туралы мәселелер де сарапқа салынады деп күтілуде.
ҚХР төрағасының сапар бағдарламасында сондай-ақ, Монғолия парламенті- Мемлекеттік Ұлы Құрылтай депутаттарының алдында сөз сөйлеу де жоспарланған.
Сапар нәтижесінде Монғолия президенті мен ҚХР төрағасы біріккен мәлімдемеге қол қояды.
2002-жылы Қытай мемлекет басшысына сайланғаннан бері алғаш рет шетелдерге шыққан ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Монғолияға сапарымен үлкен шетелдік турнесін аяқтамақ. 25-мамырдан бері ол Ресей, Франция және Қазақстанда болды.

Соңғы жаңалықтар