ҚХР Төрағасының Қазақстанға сапары барысында екіжақты әріптестіктің стратегиялық жоспарлары белгіленеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР Төрағасының Қазақстанға сапары барысында екіжақты әріптестіктің стратегиялық жоспарлары белгіленеді

ҚХР Төрағасының Қазақстанға сапары барысында екіжақты әріптестіктің стратегиялық жоспарлары белгіленеді

ҚХР Төрағасының Қазақстанға сапары барысында екіжақты әріптестіктің стратегиялық жоспарлары белгіленеді. Бұл туралы бүгін елордада баспасөз мәслихаты кезінде ҚХР-дың Қазақстандағы Елшісі Чжоу Ли мәлім етті.

  • 8 Маусым 2011
  • 364
Фото - Caravan.kz

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 12 маусым күні Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао келеді. Аталмыш сапар 21 ғасырдың екінші онжылдығында, Қазақстандағы президенттік сайлаудан соң орын алмақ. Сол себепті бұл сапар үлкен маңызға ие. Қытай мен Қазақстан ізгі көршілер, стратегиялық серіктестер және ШЫҰ-ның мүшелері болып табылады. Қытай тарапы Қазақстанның алған бағытын, оның сыртқы және ішкі саясатын анық қолдайды», — деді Ч. Ли.

Оның атап көрсеткеніндей, тараптар бірқатар келісімдер мен шарттарға, соның ішінде ортақ мәлімдемеге және экономика, қоршаған ортаны қорғау мен қаржы салаларында бірқатар құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда.

«Қазақстанға ресми сапары барысында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген және шағын құрамдарда кездесулер өткізіп, екіжақты әріптестік, сонымен қатар аймақтық және халықралық мәселелер бойынша пікір алмасады, алдағы стратегиялық жоспарларды белгілейді», — деп атап өтті ол.

Елші ортақ жұмыстың арқасында аталмыш сапар сәтті өтіп, Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының дамуын жаңа деңгейге көтеретіндігіне сенім білдірді.

Қазақстанға сапары кезінде ҚХР Төрағасы ШЫҰ-ның онжылдығына арналған Астана Саммитіне қатысады. ШЫҰ аясында саяси, экономикалық, гуманитарлық, қауіпсіздік салаларында талқылаулар өтіп, келесі онжылдық мәселелері белгіленбек.

Соңғы жаңалықтар