ҚХР Ұлттық ядролық корпорациясы мен Қазақатомөнеркәсібі 2020-жылға дейінгі атом өнеркәсібі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР Ұлттық ядролық корпорациясы мен Қазақатомөнеркәсібі 2020-жылға дейінгі атом өнеркәсібі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды

ҚХР Ұлттық ядролық корпорациясы мен Қазақатомөнеркәсібі 2020-жылға дейінгі атом өнеркәсібі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды

6-қарашада Пекинде Қытай мемлекеттік ядролық өнеркәсібі корпорациясы (China National Nuclear Corporation, CNNC) мен "Қазақатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы арасында "Ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік туралы" келісім мен 2020-жылға дейінгі атом өнеркәсібі саласындағы жұмыс бағдарламасының жобасына қол қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Қараша 2004
  • 488
Фото - Caravan.kz

Қытай мемлекеттік ядролық өнеркәсібі корпорациясы (China National Nuclear Corporation, CNNC) мен «Қазақатомөнеркәсібі» Ұлттық атом компаниясы арасында стратегиялық әріптестік орнату Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының отын-ядролық циклінің өнеркәсіп кешендерінің мейлінше қуатты тармақтарын біріктіруге ықпалын тигізбек, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, екі ел үкіметтері мақұлдағаннан кейін бұл келісімге екі мемлекет басшысының таяудағы кездесулерінің бірінде мемлекетаралық деңгейде қол қойылады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта