Жарияланды: 530

ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі ҚР парламенті сенатының төрағасымен кездеседі

Ертең, 9-желтоқсанда Астанада ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Сяопэй ҚР парламенті сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімовпен кездеседі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР парламенті сенатының бұқарамен байланыс бөлімінен хабарлады.

Сондай-ақ, Қытайлық елші Азаматтық, аграрлық , "Ауыл" және "Отан" партияларының парламенттік фракцияларының жетекшілерімен келіссөздер өткізеді. Сенаттан хабарлағанындай, елші әрбір фракция жетекшісімен жүзбе-жүз кездеседі. Кездесулер негізінен парламент үйінде өтеді. Тек аграрлық партияның Астанадағы кеңесіне қытайлық елші өзі бармақшы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін