"ҚМДБ әр квотаға 500 доллар алады": Зәм-зәм компаниясының директоры қамаудағы қажылар үшін мүфтиятты кінәлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚМДБ әр квотаға 500 доллар алады": Зәм-зәм компаниясының директоры қамаудағы қажылар үшін мүфтиятты кінәлап отыр

"ҚМДБ әр квотаға 500 доллар алады": Зәм-зәм компаниясының директоры қамаудағы қажылар үшін мүфтиятты кінәлап отыр

"Зәм-зәм" компаниясы атымен танылған қажылық компания мен араб полициясының қамауында қалған қазақстандық қажылар төңірегіндегі дау бірнеше күннен бері өршіп тұр.  Атышулы компания  діни басқармадағы жемқорлық туралы айтып қалды. 

  • 30 Маусым 2023
  • 4000
Фото - Caravan.kz

Компанияның директоры барлығына кінәлі ҚМДБ екенін айтып, тың деректің ұшын шығарды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы 50/50 бағдарламасына сілтеме жасап. 

Компания директоры Данияр Илеев

Бұл іске ҚМДБ-ның тікелей қатысы бар.  Олар 18 компанияғы рұқсат берді. Себебі, олар үлесте болды. Әрбір квотаға 500 доллар алады. Мен үлес бермегенім үшін, мүфтияттың бір адамы барып, провакация жасаған. Маған ол туралы видеолар келді. 

Бағдарламаға келген заңгерлердің бірі: — Қажылық өтеуді армандап барған адамдар, депорт жасалып, елге қайтарылғанымен, 4 жылға дейін ол елге бару құқығынан айырылады. Тур компания ашпас бұрын, соны ашқан адамның, яғни, директордың соттылығы жайлы тексерілу керек. Маған осындай компанияларға алданған көп адамдар шағымданады, деді.