"ҚМДБ-ның боққа да пайдасы жоқ ұйым, арамтамақтар армиясы": Халық мүфтияттың құран жарыс өткізгеніне қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚМДБ-ның боққа да пайдасы жоқ ұйым, арамтамақтар армиясы": Халық мүфтияттың құран жарыс өткізгеніне қарсы шықты

"ҚМДБ-ның боққа да пайдасы жоқ ұйым, арамтамақтар армиясы": Халық мүфтияттың құран жарыс өткізгеніне қарсы шықты

Әлеуметтік желіде құран жарыс өткізген мүфтият қызу талқыланды.

  • 2 Қараша 2023
  • 572
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ораз Әлімбеков фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мүфтият «бүйректен сирақ шығарып» жатыр

«Құран жарыстың» спонсоры кім?

Сәләфизмге тыйым салу керек деген депутаттар «жарты айды қарап» отыр ма?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) «Құран жарыс» деген бірдеңе ойлап тауыпты. Және оны «І халықаралық Құран жарысы» деп атапты да, 30 елден келген 27 қариді жарыстырып жатыр екен. Мейлі ғой, бірақ «Құран жарысты» Қазақстан Республикасы күніне арнағаны несі?!. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет емес пе. Республиканың басты құжаты Құран емес, Конституция ғой. Осы молдалар ҚР Конституциясында не жазылғанын біле ме екен?! Әй, қайдам… Сәл болса, молдалар орта ғасырдағы араб халифатындағы шариғат бойынша тәпсір бере жөнеледі ғой. Қазақстан азаматтарының Конституциямен және содан тарамдайтын заңдармен өмір сүретінін бұ мүфтият ескеріп жатпайды. Мүфтият «Құран жарыс» өткізгенше, молдаларына ҚР Гимнін жаттатып, Конституциясын бір қайтара оқытып алмай ма?! Әлде сурет салу мен ән айту секілді Қазақстанның әнұранын шырқауды да молдалар харам санай ма?..

Мүфтият жақта жүрген құпия дереккөз «Құран жарыстан» қарапайым молдалардың материалдық зиян шегіп жатқанын айтты. Айтуынша, бас мүфти облыстық деңгейдегі бас имамдардың әрқайсысына Астанадағы «Құран жарысты» тамашалап, залды көрерменге толтыру үшін 5 молданы ертіп баруды міндеттепті. Әрине, көрермен-молдалардың жолкіре және қонақүй шығыны спонсорлар бөлген ақшадан өтелген жоқ, әр молда жолақысын, ішім-жемін, қонақүй шығынын жанқалтасынан шығарды. Мешіттердің коммуналдық шығынын әзер өтеп, ілдәләп өмір сүріп жатқан аймақтағы қарапайым молдалар «Құран жарысты» көруге барудан азар да, безер болыпты. Бірақ, амал жоқ, молдалар қызметінен айырылып қалмау үшін мүфтияттың айтқанын көніп, айдауына жүрді» дейді дереккөз.

Дереккөздің хабарлауынша, аймақтағы имамдар мен молдалардың ашынуы бұл ғана емес. Мүфтият «І халықаралық Құран жарысына» спонсорлар көп ақша бөлмеді» деп аузын қу шөппен сүртіп, бас имамдарға іс-шара шығынының бір бөлігін жабуды тапсырып, қосымша ақша жинатыпты. «Осының бәрі аймақтағы молдалардың арқасына аяздай батты, ауыр салмақ болды, бәрі жыламсырап, бас мүфти жерден алып, жерге салып, қатты ренжіп жатыр» дейді дереккөз.

Эх, бір қайнауы кем мүфтият-ай", деп жазды.  

Желіде оқырмандар: 

"ҚМДБ ның боққа да пайдасы жоқ ұйым, арамтамақтар армиясы, дереу көзін жоймаса қазақты араптың аяғының астына таптаурынға салып бітеді!", "Тыйым салынсын", "Мына айтылғандар рас болса, ұят тірлік болыпты", деп қолдағандар болды.