ҚМЭБИ-де әлемдік деңгейдегі спорт орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚМЭБИ-де әлемдік деңгейдегі спорт орталығы ашылды

ҚМЭБИ-де әлемдік деңгейдегі спорт орталығы ашылды

Бүгін Алматыдағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау институтында әлемдік деңгейдегі спорт орталығының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

  • 11 Қараша 2010
  • 509
Фото - Caravan.kz

Аумағы 785.1 шаршы метрді қамтитын орталықтың көп бөлігіне баскетбол, волейбол, үстел теннисі және таэквондо секілді спорт түрлері алаңдары орналасқан. Орталықта салтанатты ашылу рәсімінен соң үстел теннисі мен баскетболдан алғашқы жарыстар да басталып кетті.

Институт өкілдерінің сөзіне сенсек, алдағы уақытта бұл спорт залынан басқа тағы 2 жаттығу залы ашылады деп жоспарланып отыр. Оның бірі кардио-фитнеспен айналысуға, ал екіншісі күш жаттығуларына арналмақ.