ҚМГ БӨ 2009 жылы ЭКС төлеу бойынша сот дауын ары қарай жалғастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚМГ БӨ 2009 жылы ЭКС төлеу бойынша сот дауын ары қарай жалғастырады

ҚМГ БӨ 2009 жылы ЭКС төлеу бойынша сот дауын ары қарай жалғастырады

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) 2009 жылы экспорттық кеден салығын (ЭКС) төлеу бойынша сот дауын ары қарай жалғастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

  • 28 Маусым 2011
  • 496
Фото - Caravan.kz

«ҚМГ БӨ экспорттық кеден салығын (ЭКС) төлеуге қатысты дауға байланысты талап арыз бойынша Жоғарғы соттың шешімі туралы хабарлайды. Аталған дау 2008 жылдың желтоқсанында декларацияланған, бірақ іс жүзінде 2009 жылдың 1 тоқсанында экспортқа түсірілген мұнай көлемі жайында жүргізілуде», — делінген сейсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Құжатқа сәйкес, 2009 жылдың қаңтарында кеден органдары Компания атына 15,2 млрд. теңге мөлшерінде ЭКС қосымша есептеуімен және 260 млн. теңге мөлшерінде өсім туралы хабарламаны жолдады. ҚМГ БӨ аталған хабарлама бойынша жоғары тұрған органға (ҚР қаржы министрлігі) шағымданып, оның күшін жойған болатын.

Алайда, 2009 жылдың 18 тамызында кеден органдары компанияға енді ұлғайған өсім есебімен 17,5 млрд. теңге сомасында қайтадан хабарлама жіберді. 2009 жылдың 23 қыркүйегінде компания сөз болып отырған мұнай көлемінің 2008 жылдың желтоқсанында кедендік тазартудан өткізілгенін және ол бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ренттік салық төленгенін басшылыққа ала отырып, бірінші инстанциядағы сотқа аппеляция берді.

2009 жылдың 1 желтоқсанында бірінші инстанциядағы сот КМГ БӨ-нің пайдасына шешім шығарды. Соған қарамастан 2010 жылдың 20 қаңтарында екінші инстанциядағы сот кеден комитетінің аппелляциясын қанағаттандырды. 2010 жылдың 8 ақпанында КМГ БӨ үшінші инстанциядағы сотқа аппеляция түсірді. 2010 жылдың 9 наурызында үшінші инстанциядағы сот кеден комитетінің пайдасына шешім шығарды.

«2011 жылдың наурызында компания істің Жоғарғы сотта қаралуы туралы өтініш түсірді. 2011 жылдың 23 маусымында Жоғарғы сот қадағалау өндірісін қозғаудан бас тартты. Осылайша, ҚМГ БӨ бюджетке ЭКС қосымша есебімен 15 млрд. 260 млн. теңге көлеміндегі соманы, сондай-ақ 2,3 млрд. теңге мөлшерінде өсім төлеуге міндеттіліп отыр. Аталған сомалар үшінші инстанциядағы соттан кейін бюджетке төленген болатын, алайда табыстар мен шығындар туралы есепте көрініс тапқан жоқ, өйткені, компания оң шешімге үміттенген еді», — делінген хабарламада.

Компания Жоғарғы соттың шешіммен келіспейтінін жеткізеді, өйткені, ренттік салық төленген, сөз болып отырған түсірілген мұнай көлеміне ЭКС төлеу, Қазақстан Республикасындағы жария етілген заңдарына және фискалдық саясат қағидаттарына қайшы келеді деп есептейді. Қазіргі уақытта ҚМГ БӨ өзінің заңды құқықтарын және мүдделерін белгіленген заң тәртібінде одан әрі қорғау мүмкіндігін қарастырып жатыр».

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ-ның еншілес компаниясы) — мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар