ҚМГ БӨ өз жұмысшыларының наразылық акцияларын «саудаласушылық» деп атап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚМГ БӨ өз жұмысшыларының наразылық акцияларын «саудаласушылық» деп атап отыр

ҚМГ БӨ өз жұмысшыларының наразылық акцияларын «саудаласушылық» деп атап отыр

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) өз қызметкерлерінің наразылық акцияларын «саудаласушылық» деп абағалап, өздеріне айтылған барлық айыптарды жоққа шығарып отыр.

  • 7 Шiлде 2011
  • 598
Фото - Caravan.kz

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») «Өзенмұнайгаз» ӨФ («ӨМГ») және «Қаражанбасмұнай» («ҚБМ») АҚ-ларында болып жатқан наразылық акциялары төңірегінде арандатушылық әрекеттердің � �иілеп кетуіне байланысты төмендегідей мәлімдеме жасауды қажет деп санайды. Қазіргі таңда ӨМГ-да жалпы 9 мың жұмысшылардың 13 %-ы ғана жұмысқа шықпай отыр. Наразылық акциясына қатысушылардың басым бөлігі ұңғымаларды өңдеу және жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті арнаулы техникалардың жүргізушілері. ҚБМ-да 60 %-дан 63 %-на дейін жұмыскер вахталық әдіспен жұмыс істеп жатыр, бұл ретте жоспардан төмен болса да, тұрақты өндіру деңгейін ұстап тұру мүмкін болып тұр», — делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.

Компания мәліметтерінше, Өзен және Қаражанбас кеніштеріндегі жұмыс, мұнай өндіру тоқтатылған жоқ.

Компания таратқан хабарда айтылғандай, наразылық акциясын ұйымдастырып, жұмыскерлер заңды бұзған және сот органдарының шешімдеріне бағынбаған.

«Аталған заңсыз наразылық акциясына қатысушылар (…) еңбек тәртібін бұзушылар болып табылады және Еңбек кодексіне сәйкес жұмыстан шығарылады. Қазіргі таңда ӨМГ-де жұмысқа шықпағаны үшін 267 адам, ал ҚБМ-да 160 адам жұмыстан шығарылды», — делінген хабарда.

Таратылған хабарда айтылғандай, кейбір белсенділер айлық жалақының төмен деңгейінің «дәлелі» ретінде кейбір айлардағы есеп айыру қағаздарын ұсынуда, олар жұмыскердің нақты жалақысы туралы дұрыс ақпарат бермейді (атап айтқанда, бұл жұмыскер еңбекке жарамсыз болған немесе еңбек демалысында болған, осы кезде жоспардың орындалмауына байланысты сыйақы төленбеген кезеңдерге қатысты). Компания тағы да ӨМГ-дегі өндірістік жұмыскерлердің орташа айлық жалақысы шамамен 300 мың теңгені, ал ҚБМ-да шамамен 257 мың теңгені құрайтынын айтады.

Сондай-ақ хабарда «әсіресе жұмыс берушінің келіссөздерді жалғастырғысы келіп отырғанын ескерсек, шиеленісті сындарлы шешу тәсілдері әлі аяқталмағаны» атап көрсетіледі.

«Компания ҚБМ және ӨМГ еңбек ұжымдарының өкілі ретінде ресми сайланған кәсіподақ көшбасшыларымен диалог орнатуға күш салады. Сонымен бірге, Компания жариялықты қолдайтынын растай отырып Қазақстанда және одан тысқары жерлерде жұмыс істейтін кез-келген қоғамдық ұйымдарға және БАҚ-қа жедел түрде дұрыс ақпарат беруге дайын», — деп ҚМГ БӨ мәлім етеді.

Соңғы жаңалықтар