ҚМГ БӨ тәуліктік өндіруді қыркүйек айының соңына қарай қалпына келтіруді көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚМГ БӨ тәуліктік өндіруді қыркүйек айының соңына қарай қалпына келтіруді көздеп отыр

ҚМГ БӨ тәуліктік өндіруді қыркүйек айының соңына қарай қалпына келтіруді көздеп отыр

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) тәуліктік өндіруді қыркүйек айының соңына қарай қалпына келтіруді көздеп отыр, деп хабарлайды ҚМГ БӨ баспасөз қызметі.

  • 13 Шiлде 2011
  • 417
Фото - Caravan.kz

«ҚМГ БӨ 2011 жылдың қыркүйек айының соңына қарай тәуліктік өндіруді қалпына келтіріп, 25 мамырдағы («Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында наразылық акциясы басталғанға дейінгі) деңгейге жеткізуге талпынып отыр», — делінген сәрсенбі күні таратылған ақпаратта.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның басты шарты наразылық акциясына қатысушылардың жұмыс орындарына қайтып келуі нәтижесінде немесе жұмыстан шығарылғандардың орнына аймақ тұрғындарының арасынан жаңа жұмыскерлерді алу нәтижесінде қысқа мерзімде ӨМГ жұмыскерлерінің санын қалпына келтіру болып табылады.

«Қазір компания жұмысқа қабылдау туралы ӨМГ-ге келіп түскен өтініштерді зерттеп жатыр», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір күндізгі ауысымға ӨМГ-нің 1225 жұмыскері шықпай отыр.

«Жұмысқа шығып жүргендер санының азаюы өткен сенбіде автокөлік құрылымдары қызметкерлерінің жұмысқа шығудан бас тартуымен түсіндіріледі. Олар компания басшылығы мен Жаңаөзен қаласының билігіне ресми түрде жүгініп, негізі болса, наразылық акциясына қатысушылардың талаптарын қанағаттандыруды немесе заңға сәйкес наразылық акциясын тоқтату шарасы арқылы мәселенің басын ашып алуды ұсынды», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Одан бөлек, «жұмысқа шыққандардың, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірілді».

Наразылық акциясына қатысушылар қаланың басты алаңында заңсыз митинг ұйымдастырып, жалақыны көтеру және жұмысқа шықпағаны үшін қуылғандарды қайтадан жұмысқа алу туралы талап қойып отыр.

«ҚМГ БӨ аталған талаптардың заңсыз әрі негізсіз екенін және олардың қанағаттандырылмайтынын тағы да мәлімдейді. Компания сот орындарының шешімдеріне жүгіне отырып, аталған наразылық акциясының заңға қайшы келетінін атап өтеді, сондықтан жұмыс беруші ретінде Еңбек кодексіне сәйкес себепсіз жұмыс орнында болмағандарды жұмыстан шығаруға толықтай құқығы бар», — деп хабарлайды компания.

«Компания ӨМГ жұмысы ырғағын қалпына келтірудің барлық шараларын қолға алуда. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жұмыс бригадаларын кен орнына басқа көліктермен жеткізу ұйымдастырылды, жүк көтергіш көліктер жүргізушілерін қайта оқытудың нәтижесінде ұңғымаларды жерасты жөндеуге тартылған арнаулы техниканың саны артты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда осы бап бойынша ӨМГ-нің 310 қызметкері жұмыстан шығарылды. Жаңаөзен қаласының соты бұрынғы жұмыс орнына қайтадан қабылдануы және жұмысқа шықпауға мәжбүр болған уақытына ақы төлеу туралы талап-арыздарды қанағаттандырудан бас тартты.

Бұрын хабарланғандай, 2011 жылдың 6 айында ҚМГ БӨ 6 311 мың тонна мұнай өндірді (258 мың барр/тәулік), бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 216 мың тоннаға немесе 3%-ға аз.

«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы 2 733 мың тонна мұнай өндірді (111 мың барр/тәулік), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден 218 мың тоннаға аз.

Соңғы жаңалықтар