Қоғам ҰБТ нәтижесі бойынша мектеп түлектерінің арасындағы суицид мәселесін саудалап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғам ҰБТ нәтижесі бойынша мектеп түлектерінің арасындағы суицид мәселесін саудалап отыр

Қоғам ҰБТ нәтижесі бойынша мектеп түлектерінің арасындағы суицид мәселесін саудалап отыр

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов қоғам ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша төмен балл алған мектеп түлектерінің арасындағы суицид мәселесін саудалап отыр деп есептейді.

  • 13 Маусым 2011
  • 1457
Фото - Caravan.kz

«(Суицид проблемасын — ҚазТАГ) ҰБТ-мен мүлдем байланыстыруға болмайды. Қоғамда саудалау мәселесі бар. Бізде 100 мың халыққа шаққанда 22 факт бар, бұл – жоғары көрсеткіш емес», — деді Б. Жұмағұлов премьер-министра Кәрім Мәсімовтың дүйсенбі күні үкімет отырысында сәйкес сұрағына жауап бере отырып.

Министрдің пікірінше, жасөспірімдердің арасындағы суицид мәселесі көбінесе балалардың психо-эмоционалдық жағдайына, қиын жағдайларда шешім таба алмауына байланысты.

«ҰБТ қорытындысы бойынша Семейде бір оқиғаны (емтиханмен – ҚазТАГ) байланыстырып отыр. Бірақ бұл баланың үнемі 70 балға тапсырып келді деп ойлаймын. Ол 5-10 тестілеу тапсырған, бірақ (үстіміздегі жылы — ҚазТАГ) 67 балл алған. Құқық қорғау органдары осы фактіні анықтайды. Бірақ суицидті ҰБТ-мен байланыстыру керек деп ойламаймын», — деді министр.

Оның мәліметтеріне сәйкес, биыл 5050 адам «Алтын белгiге» үміткер болған, оның 3222-сі үмітті ақтай алған, ал 1 мың үміткерге «Алтын белгі» алуға бір балл жетпеген.

«Ата-аналармен кездескенде әрбір екіншісі мұны (балдардың жетіспеушілігін — ҚазТАГ) осы мәселеге (суицид — ҚазТАГ) әкеліп тіреуге тырысады, олар өз балалары үшін қорқады», — деді министр.

Сонымен бірге, Б. Жұмағұлов ата-аналардың балаларын алдын-ала «негативке дайындайтынын» түсінбейтінін айтты.

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) облыс орталықтары мен ірі қалаларда ғана өткізілуге тиіс деп есептейді.

«Бүгінгі күні бізде 154 тармақ бойынша шынымен де проблемалар бар (ҰБТ-да — ҚазТАГ). Жалпы, тестілеу орталықтары облыс орталықтары мен ірі қалаларда ғана болуы тиіс шығар», — деді ол дүйсенбі күні үкімет отырысында.

Министр биыл ҰБТ форматы өзгертілмегенін еске салды.

«Біз бүгін одан артық ештеңе ойлап тапқан жоқпыз деп ойлаймын. Жыл сайын ҰБТ жетілдіріліп отырады, биыл формат өзгерген жоқ, бірақ мазмұны бойынша көп сұрақтарды ауыстырдық», — деді ол.

«ҰБТ осындай форматта ары қарай жүре беруге тиіс. Биыл сын айтқандар көп, өткен жылдардағыдай бұзушылықтар болды. Мемлекетттік құпиялар туралы бұзушылық болған бір факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Бірақ, жалпы былтырғы жылмен салыстырғанда орташа балл 1,5%-ға артып, 86,6 құрады. Өткен жылы 107 мың тапсырса, биыл 129 мың тапсырды. Бұл да жақсы көрсеткіш болды», — деді білім министрі.

Б. Жұмағұлов ҰБТ осындай форматта 2015 жылға дейін өткізілетінін атап көрсетті.

«2014-2015 жылы «Бейінді мектептердің» енгізілуімен ҰБТ-ның форматын да толықтай өзгертетін шығармыз», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар