Қоғамда «Нұр Отанға» бәсекелес жаңа күшті партия құру үшін жағдай қалыптасты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамда «Нұр Отанға» бәсекелес жаңа күшті партия құру үшін жағдай қалыптасты

Қоғамда «Нұр Отанға» бәсекелес жаңа күшті партия құру үшін жағдай қалыптасты

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының мамыр айында жүргізген зерттеуіне сәйкес, Қазақстан қоғамында «Нұр Отанға» бәсекелес жаңа күшті партия құру үшін жағдай қалыптасты.

  • 21 Маусым 2011
  • 1053
Фото - Caravan.kz

«… Егер «Нұр Отан» ХДП-сымен бәсекеге түсе алатын жаңа партияның пайда болу қажеттігі туралы айтатын болсақ, бұл аталған орынды басып ала алатын саяси күш болады», — деп мәлім етті «Стратегия» ҚҚ жобаларының үйлестірушісі Ольга Симакова зертеудің нәтижесін таныcтыра отырып.

Оның атап көрсетуінше, бұл орынды қандай да бір партияны таңдауда қиналған сұралғандардың 26% алып отыр. Олардың негізгі мүдделері әлеуметтік-экономикалық қатынастарда жатыр. Бұл топ өкілінің басты ерекшеліктері әлеуметтік бейімделуі нашар, кірісінің деңгейі төмен. Аталған топтың респонденттері өмір сүру жағдайларына 2 есе жиі шағымданады, делінген зерттеуде.

«Сайлаушылардың бұл санатына билікке аздап жақсы көзқарас пен «Нұр Отан» партиясының қызметіне сенімсіздікпен қарау тән. Бірақ көбінесе жариялы түрде сайлауға қытасудан бас тартатын дәстүрлі сайлаушылармен салыстырғанда, бұлар сайлауға қатысуға дайын, ал бұл оларды болашақта саяси манипуляциялардың тартымды объектісі етеді», — деді О. Симакова.

Зерттеуге сәйкес, «Нұр Отан» партиясы электоралды кеңістікті монополизациялап алған. Сайлау бүгін өтсе, қазақстандықтардың 72% билік партиясы үшін дауыс беруге дайын. Қалған 8 саяси партияның үлесіне сайлаушылардың 2%-ы ғана тиеді.

«Егер 2009 жылғы мамыр айындағы сәйкес көрсеткіштермен салыстырсақ, өткен екі жылда саяси партиялар электоральды рейтингтің 6%-ын жоғалтып, өздерінің электоральды рейтингтерін статистикалық мәні жоқ өлшемдерге айналдырды», — деді сарапшы.

Сонымен қатар, зерттеу барысында қоғамда «төменде» партия құру үшін әлеуметтік жағдайлардың, қолдаудың жоқ екені анықталды.

«Саяси партиялардың әлсіз электоралды мүмкіндіктері – партиялардың жұртшылықпен жүйелі жұмыс жүргізбеуінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік базаның ерекшелігі де. Қоғамда әлі күнге дейін төменде партия құру бастамасын көтеріп, оның қызметін қолдауға қабілетті өз алдына әлеуметтік күштер әлсіз дамыған. Осылайша, саяси партиялар әлеуметтік базаны өздеріне лайықтап құруға мәжбүр», — деді О. Симакова.

Оның айтуынша, мұндай қорытынды жасауға «Нұр Отан» партиясы үшін дауыс беруге әдеттеніп қалған электораттың саяси бағдарсыздығы негіз болған.

«Алдағы сайлауға «Нұр Отан» ХДП қатысудан бас тартса, қазақстандықтардың электоралды таңдаулары қандай болады? Ең ұтымды орын «Ақ жол» партиясында, оның электоральды қолдауы жақын қарсыластарының рейтингтерінен үш есеге артық (респонденттердің 14% – ҚазТАГ). «Ақ жол» ҚДП «Нұр Отан» ХДП электоратының басты «мұрагері» болып шығады. «Нұр Отан» үшін дауыс беретін әрбір төртінші сайлаушы балама ретінде осы партияны таңдар еді», — деді сарапшы.

Сондай-ақ, сауалнамаға сәйкес, «Нұр Отанның» электоральды мұрасынан «Ауыл» (4,2%), компартияға (3,1%) және патриоттар партиясына да (2,1%) үлес тиіп қалуы мүмкін.

«Аталған партиялардың әлеуетті сайлаушылардың арасында «қатаң» рейтингте әлсіз қолдауға ие екенін ескерсек, бұл жағдайда балама факторы брэндтің танымалдылығы болады деп болжауға болады, өйткені жоғарыда аталған партиялардың бәрі қазір «ескі» қазақстандық партиялар болып отыр», — деді О. Симакова.

«Нұр Отан» партиясы сайлау бюллетенінде болмаса, осы партия электоратының басым бөлігі тағы бағдарынан айырылады. Билік партиясы үшін дауыс беретіндердің жартысынан көбі (63,6%) балама таңдауда қиналады.

«Бұл қазақстандықтардың әлі де болса мемлекетке бағдарланатынын көрсетеді, олардың пікірінше, мемлекет өз азаматтарын қорғап, қамқорлық жасап қана қоймай, сонымен қатар, олардың амандығы мен материалдық әл-ауқатының жақсаруына толығымен жауап беруге тиіс, ал «Нұр Отан» ХДП билік партиясы ретінде электораттың көзінде саяси режимнің ажырамас бөлігіне айналым кеткен», — дейді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар