Қоғамды демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия алқа билер институтын "континенталдық үлгі" бойынша қалыптастыру туралы шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамды демократияландыру мәселелері жөніндегі  ұлттық комиссия алқа билер институтын "континенталдық үлгі" бойынша қалыптастыру туралы шешім қабылдады

Қоғамды демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия алқа билер институтын "континенталдық үлгі" бойынша қалыптастыру туралы шешім қабылдады

Қазақстан президентінің жанындағы азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия алқа билер институтын "континенталдық үлгі" бойынша қалыптастыру туралы шешім қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Қаңтар 2005
  • 1256
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақстан Республикасындағы алқа билер соты туралы» заң жобасын жасаумен айналысқан Мақсұт Нәрікбаев басқаратын жұмыс тобы бұл институтты англосаксон үлгісі бойынша құру туралы шешімді басым дауыспен қабылдады. Бұл үлгі бойынша, сот алқасы тек бір ғана мәселені, айыпталушы кінәлі немесе кінәсіз дегенді ғана шешеді, ал басқа заңдық мәселелер кәсіби судьялардың билігіне беріледі. Ал континенталдық үлгі бойынша алқа билер айыпталушыға жаза белгілеу барысына да қатыса алады.

Әйтсе де бұл мәселені Ұлттық комиссияның отырысында талқылау барысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми англосаксон үлгісіне қарсылық білдірді. Оның айтуынша, бұл мәселені жан-жақты сараптаған Жоғарғы сот терең талдау нәтижесінде заң жобасын жасап, оған алқа билер сотының континенталдық үлгісін негіз етіп алған.
ҚР Бас прокуроры Рашид Түсіпбеков алқа билер сотын енгізу демократиялық қадам екенін атай отырып, дегенмен, сот процессіне қатысушы тараптардың алқа билердің қатысуымен өтетін сот тыңдауларына әзір емес екеніне алаңдаушылық білдірді. Бас прокурордың айтуынша, алқа билер соты институтын 2007-2008-жылдары енгізуге болады. Ал оған дейін халықтың құқықтық сауаттылығын жаппай арттыруға бағытталған арнаулы шараларды жүзеге асыру қажет.
Талқылау және дауыс беру қорытындысы бойынша сөйтіп Ұлттық комиссия әділет министрлігіне «Қазақстан Республикасындағы алқа билер соты туралы» заң жобасын 15 күнде толықтырып, комиссияның қарауына ұсынуды тапсырды.

Перейти к новостям спорта