Үшінші отырыста ұлттық комиссия «Саяси жүйені реформалау және азаматтық қоғамды дамыту» жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасын дәйектеуді одан әрі жалғастырады. Сондай-ақ, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару үрдісін дамыту, парламенттің ролін күшейту және оның бақылаушылық функцияларын кеңейту, қылмысқа күдіктіні тұтқындауға санкция беру құқығын соттарға беру тәртібін енгізу мәселелерін талқылу да одан әрі жалғасады.
Сонымен бірге комиссияның жанынан азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі тағы бір жұмыс тобы қызметке кіріседі, оны Владислав Косарев басқаратын болады.