Қоғамды демократияландыру жөніндегі тұрақты кеңес БАҚ-тарды қолдау шараларының мерзімін 2010-жылға дейін ұзартуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамды демократияландыру жөніндегі тұрақты кеңес БАҚ-тарды қолдау шараларының мерзімін 2010-жылға дейін ұзартуды ұсынды

Қоғамды демократияландыру жөніндегі тұрақты кеңес БАҚ-тарды қолдау шараларының мерзімін 2010-жылға дейін ұзартуды ұсынды

Бүгін, 8-желтоқсанда Алматыда өткен Қоғамды одан демократияландыру және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі ұсыныстар жобасын дайындаушы тұрақты кеңестің отырысына қатысушылар салық және кедендік заңнамаларда БАҚ-тарды қолдау шараларының мерзімін 2010-жылға дейін ұзартуды ұсынды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Желтоқсан 2003
  • 1207
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, Қоғамды одан демократияландыру және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі ұсыныстар жобасын дайындаушы тұрақты кеңестің жұмыс тобы ҚР үкіметі тарапынан парламентке ұсынылған «БАҚ-тар туралы» заң жобасына бірқатар өзгертулер енгізуді ұсынады.

Мәселен, жұмыс тобынан ұсынылған нұсқауларда мемлекеттік органдар мен лауазым иелері тарапынан сөз бостандығын шектеуге, ақпарат алу және оны таратуға тосқауыл қою негіздемелері мен мүмкіндіктерін мейлінше шектеу жолдары қарастырылған. БАҚ-тың жұмысын уақытша немесе тіпті біржола доғару туралы шешімді тек сол БАҚ-тың қожайыны ғана қабылдауға құқылы болуы тиіс. Ал сот ҚР Қылмыстық Кодексі мен ҚР Ата заңына өрескел қайшы әрекеттерге бірнеше мәрте жол берілген жағдайда ғана БАҚ жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдауы тиіс.
ҚР ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахмановтың атап көрсетуінше, қайсыбір мемлекеттік мекеме тарапынан өткізілетін барлық шараларға журналистерді аккредитациялаудың міндеттілігі және БАҚ-тарға қатысты шағымдардың ескіру мерзімін 1 жылға дейін қысқарту туралы ұсыныстар айрықша маңызды ұсыныстар болмақ. Бұл орайда моральдық шығынның орнын толтыру туралы шағым бойынша өтеп алу талап етілетін қаржы мөлшері мен осындай шағымдарды жоққа шығару сомасы орындылық принципіне сәйкес болуы тиіс.
БАҚ-тардың бостандығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін Қоғамды одан демократияландыру және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі ұсыныстар жобасын дайындаушы тұрақты кеңес журналистердің құқық аясын кеңейтуді ұсынып отыр. Атап айтсақ, қолданыстағы «БАҚ туралы» заңда көрсетілген лауазым иесінің камераға немесе фотосуретке түсірілген бейнесін пайдалануға тыйым салу туралы тәртіпті алып тастау, түрлі лауазым иелерінің сөзін сол қалпында алып пайдаланған жағдайда БАҚ-тарға ақпараттық немесе жарнамалық агенттіктерден алған жалған ақпаратты пайдаланғандығы үшін жүктейтін жауапкершіліктен босату, сондай-ақ, ақпараттық қызмет көрсетумен айналысатын ұйымдарға ақпаратқа, соның ішінде Интернеттегі ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігіне шектеу қойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеу туралы ұсыныстар жасалды.
БАҚ-тарға мемлекеттік қолдау көрсету үшін Қоғамды одан демократияландыру және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі ұсыныстар жобасын дайындаушы тұрақты кеңес меншік түріне қарамай, барлық БАҚ-тардың мемлекеттік тапсырысқа бірдей қол жеткізуіне кепілдікті қамтамасыз етуді ұсынады. Бұл орайда мемлекеттік тапсырысты бөлу тек байқау негізінде ғана жүзеге асырылуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар