Қоғамды демократияландыру жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс тобы парламенттің ролін күшейту жөніндегі ұсыныстар топтамасын әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамды демократияландыру жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс тобы парламенттің ролін күшейту жөніндегі ұсыныстар топтамасын әзірледі

Қоғамды демократияландыру жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс тобы парламенттің ролін күшейту жөніндегі ұсыныстар топтамасын әзірледі

Бүгін, 7-қаңтарда Астанада Қазақстан президентінің жанындағы азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның парламент ролін күшейту және оның бақылаушылық функцияларын кеңейту жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы барысында парламенттің ролін күшейту жөніндегі ұсыныстар топтамасы әзірленді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 7 Қаңтар 2005
  • 789
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, жұмыс тобы парламенттің үкімет құрамын бекіту барысындағы құзыретіне қатысты Ата заңға енгізілетін өзгерістерге байланысты бірқатар ұсыныстарды қабылдады. Мәселен, парламентке президенттің таныстыруы бойынша республикамыздағы мемлекеттік басқару жүйесін бекіту құқығын беру ұсынылып отыр. Ал үкімет басшысын қызметтен босату, үкіметті тағайындау және оны отставкаға жіберу туралы шешімді Елбасы парламенттің келісіміне сәйкес қабылдауы тиіс. Сондай-ақ, үкімет мүшелерінің кандидатурасын үкімет басшысының таныстыруы бойынша парламенттің профильді комитеттерінде келісе отырып бекіту ұсынылған.

Жұмыс тобы депутаттардың санын арттыруға қатысты ұсыныстарды да қарады. Атап айтсақ, мәжіліс депутаттарының санын 134-ке дейін арттырып, олардың 67-сін бір мандатты округтер бойынша, 67-сін партиялық тізім бойынша сайлау ұсынылған. Сонымен бірге, сенат депутаттарының санын 68 адамға жеткізу ұсынылған. Бұл ретте әрбір облыс, республакалық маңызды қалалар мен Елордасының әрқайсысынан үш адамнан сайлануы тиіс. Сенаттың 20 депутатын халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігі мен ұлттық азшылдықтарды ескере отырып республикалық қоғамдық бірлестіктердің таныстыруы бойынша президент тағайындайды.
Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес бұдан басқа балама ұсыныстар жобасы да жасалған. Оларда 2005-жылдың алғашқы жартысында партиялық тізім бойынша мәжіліс депутаттарын толықтыра сайлау қарастырылған.
Парламенттің бақылаушылық функцияларын күшейтуге қатысты бірқатар ұсыныстар қабылданды. Атап айтсақ, парламентке республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау, сондай-ақ, «жергілікті бюджеттердің орындалуы мен көлемін назарға алу» мүмкіндіктерін беру көзделді. Парламентке үкіметтің баяндамаларына қатысты шешім қабылдау құқығын беру туралы шешім қабылданды. Жалпы депутаттар корпусының үштен екі бөлігі баяндаманы қабылдамаған жағдайда үкіметке сенімсіздік білдіріледі деген сөз.
Сондай-ақ, Конституциялық кеңес мүшелері мен төрағасын қызметке тағайындау және босату құзыретін, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы мен судьяларын тағайындау және босату, олардан ант қабылдау құзыретін парламентке беру ұсынылған. ҚР бас прокуроры мен ҰҚК-нің төрағасын парламентпен келісе отырып президент тағайындап, жұмыстан босатады. Бас прокурор заңдылықтың сақталуы туралы жыл сайын парламент алдында есеп беріп тұруы тиіс. Сондай-ақ, парламентке президенттің, сенат пен мәжілістің таныстыруы бойынша Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін, Есеп комитетінің төрағасын сайлау құқығы беріледі. Сонымен бірге парламентке заңдардың орындалуын қадағалау құқығын беру ұсынылған.
«Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиевтің айтуынша, бұл ұсыныстарды жұмыс тобының мүшелері басым дауыспен қабылдады. Ұсыныстар топтамасы Азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынылады.

Перейти к новостям спорта