Жұмыс тобының төрағасы, Қазақстан патриоттары партиясының жетекшісі Ғани Қасымовтың айтуынша, «жұмыс тобының мақсаты — Қазақстандағы барлық саяси күштердің ұсыныстарын, соның ішінде тіпті ең ақылға қонымсыздарын да бір жерде шоғырландырып жинастыру болып табылады». Топ жетекшісінің айтуынша, «қандай ұсыныстың да авторын атаусыз тастауға болмайды. Өйткені, олардың артында әбден қалыптасқан қоғамдық ағымдар тұр. Әрі олар өткен сайлауда мұны нақты дәлелдеді». «Ұлтық комиссия бұдан әрі бұл ұсыныстарды өңдеп, Елбасына таныстырады»,- деп мәлімдеген Ғ.Қасымов жұмыс тобы Ұлттық комиссияна атсалыспай қойған үш саяси партияның да мүддесін ескереді деп сендірді.
«Бұл жұмыс тек билікке ғана емес, қоғамға да қажет. Өйткені, қоғам өткен оқиғалардың сабақтарына, соның ішінде Украина сабақтарына да талдау жасап отыр»,- деді топ жетекшісі. «Ең бастысы — оқиғаны дәл бұлайша ушықтырып жіберуге болмайды. Қазақстан қоғамы мұндай шиеленіске төтеп бере алмайды дегенге өз басым шәк келтірмеймін. Өйткені, дүниежүзілік алпауыт мемлекеттердің мүддесінің тоғысы, аумақтық проблемалар мен ұлт-ұлыстық тауқыметтер сынды бізге әсер ететін бірнеше кері факторлар бар»,- деді Ғ.Қасымов.
«Отан» партиясының өкілі Қазбек Қазкеновтың пікірінше, Қазақстан Республикасындағы саяси жүйені реформалау жөніндегі болашақ жұмыстар барысында мемлекет басшысы ретінде президенттің ролі мен функциясы және парламенттің ролі тәрізді екі мәселенің маңызы зор. Осынау маңызды билік институттарының атқаратын функциясының арасалмағына қарай мемлекеттің бүкіл саяси жүйесі құрылады. Ол реформаларды тым асығыстыққа жол бермей біртіндеп жүзеге асыруға шақырды.
Саясаттанушы Андрей Чеботарев ұлттық комиссияның жұмыс тобының іс-қызметін Қазақстан Республикасындағы саяси жүйені дамыту жөніндегі 2010-жылға дейінгі бағдарламаның негізінде құруды ұсынды. Оның пікірінше, дәл осы бағдарлама қазіргі таңда елімізде жүзеге асырылып жатқан демократиялық процесстер үшін арқау-негіз болып табылумен бірге оның басты ережелері қалай дегенмен орындалып жатыр.
Қазақстан патриоттары партиясының жетекшісі Ғани Қасымов Қазақстан Ата заңына саяси партиялар мен бейресми ұйымдардың іс-қызметіне қатысты екі түрлі өзгерістер енгізуді ұсынбақ ниетте. Оның айтуынша, Қазақстан заңнамасында партиялардың іс-қызметінің тетіктері жазылғанымен, «олар жалпы не үшін қажет» деген ең басты сауалға жауап берілмеген. Оның пікірінше, үкіметтік емес ұйымдар үшін де осындай жағдай.