Атап айтқанда, санкциясыз өткізілген митингілер кезінде құқық қорғау органдарына күш және арнайы құралдар қолдануға рұқсат беретін «Ішкі істер жөніндегі» заңға түзетулер енгізілді.
Айта кетейік, үкіметтің ұсынған заң жобаның алғашқы редакциясында, егер жиналысты, шеруді, митингіні ұйымдастыруышлар мен оған қатысушылар өткізу тәртібін бұзатын болса немесе жергілікті атқарушы органдардың заңға сәйкес талаптарына қайшы әрекет жасайтын болса шараны тоқтату үшін арнайы құралдарды қолдануға рұқсат беру көзделген болатын.
Мұндай ереже бірқатар саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың наразылығын туғызды. Осыған байланысты жұмысшы топ ЕҚЫҰ және адам құқығы жөніндегі уәкілге заң жобаның келісілмеген тұстарына қорытынды шығаруды сұраған болатын.
М.Тінеккевтың айтуынша, жаңа жаң жобаның жаңа мәтінінде арнайы заттарды қолдану » митинг, шеру, пикет барысында қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін, халықтың денсаулығына зиян келтіретін жеке тұлғаның заң бұзушылығын тоқтату» мақсатында қолдануға рұқсат берілген, сонымен қатар «мемлекеттік орган өкілдерінің заң бұзушылықты тоқтату туралы талабына көнбеген жағдайда».
М.Тінеккев, енгізілетін түзетулерді омбудсмен қолдады, дейді. Ал, жұмысшы топтың заң жобасына қатысты ЕҚЫҰ қорытындысы шыққан жоқ.
Осыған дейін хабарланғандай, заң жобасы митинг, шеру, пикетті және басқада қоғамдық шараларды ұйымдастырушылар мен оған қатысушылардың заңды белден басқандары үшін жаупкершілікті күшейтуді көздейді. Заң жобада әкімшілік құқық бұзушылық тізімі көрсетілген. Егер заң бұзылса әкімшілік тұтқындау жүзеге асырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті