Қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатындағы радиостанцияларлы тонаған екі тәртіп сақшысы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатындағы радиостанцияларлы тонаған екі тәртіп сақшысы ұсталды

Қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатындағы радиостанцияларлы тонаған екі тәртіп сақшысы ұсталды

ҚР ІІМ-нің ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында тәріп сақшыларының арнаулы жабдықтарды сатуға жасаған заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Қараша 2005
  • 386
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің нақты ақпаратына сәйкес, әрбіреуі 600 долларға бағаланатын жаңа үлгідегі 6 радиостанцияны тәртіп сақшылары сатып жібермек болған. «Бұл радиостанциялар ішкі істер органы бөлімшелерінің қоғамдық тәртіпті қорғау, соның ішінде халықаралық өкілдер мен қорғаудағы тұлғалардың қатысуымен өтетін қоғамдық-саяси шараларды өткізу барысында тәртіп қадағалау мақсатында пайдаланатын жиілікте ұстайды»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен бірге, хабарламада атап көрсетілгеніндей, «тексеру барысында аталмыш тұлғалардың ақшаға құнығып, ескірген үлгідегі арнаулы техникаларды сату ісімен бұрын да шұғылданып келгені анықталды».
Қазір ІІМ бұл дерек бойынша шұғыл іздестіру шараларының кешенін жүзеге асырып, аталмыш қызметкерлердің қарамағындағы материалдық-техникалық құндылықтардың есебін жүргізуде. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта