Мәлімдеменің мәтіні «Бірлестіктер құру бостандығы — Қазастандағы азаматтық қоғамның болашағы» тақырыбьындағы форум барысында қабылданды. Форум Алматыдағы Хельсинки комитеті, Халықыралық адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық бюросы, ҚР үкіметтік емес ұйымдардың конфедерациясы сынды ұлттық және халықаралық ұйымдардың консорциумының бастамасы бойынша ұйымдастырылды.
Форумға қатысушылардың түсініктемесіне сәйкес, бұл жерде әңгіме үкімет жобалаған «ҚР кейбір заңнамаларына Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы мен парламент депутатарының бастамасымен жасалған «Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жөніндегі заң жобалары туралы болып отыр.
Мәлімдеме мәтінінде атап көрсетілгеніндей, «бұл заң жобаларын депутаттар ұсынған күйде қабылдау негізгі халықаралық құжаттар мен ҚР Конституциясында бекітілген іргелі құқықтардың шектелуіне, соның ішінде бірлестіктер құру еркіндігі, сөз және ар-ұждан бостандығы сынды басты құқықтардың шектелуіне алып келеді». Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің пайымдауынша, «бұл заң жобаларында қарастырылған үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдарды аккредитациялау және олардың іс-қызметін мемлекеттік мекемелер тарапынан бақылау процедуралары ұлттық және коммерциялық емес бейресми ұйымдардың жұмысына негізсіз кедергілер келтіріп, олардың жұмысына мемлекет тарапынан негізсіз қатаң бақылау қоюға алып келеді. Сол арқылы азаматтық қоғам институттары мен биліктің өзара ықпалдастық жүргізуінің құқықтық аясын тарылта түседі». Мәлімдеме авторларының пайымдауынша, бұл шаралар «еліміздің халықаралық міндеттемелері мен ресубликаның ұлттық заңнамаларына қайшы».
«Ұсынылған заң жобалары қолданыстағы заңдарды толықтыру және түзету сипатындағы жобалар болғандықтан» форумға қатысушылар оларды жетілдірудің «болашаы жоқ» деп санайды және парламент пен үкіметті «заң жобаларын кері шақырып алуға» шақырады.
Соынмен бірге форумға қатысушылар мәжіліс депутаттары Валерий Котович пен Михаил Трошихиннің аталмыш заң жобалары бойынша жұмыс топтарының талқылауларына қатысу туралы ұсынысын қабыл алды.
В.Котовичтің айтуынша, депататтар ұсынған заң жобалары «халықаралық шетелдік және қазақстандық коммерциялық емес ұйымдардың, өкілдіктер мен филиалдардың іс-қызметін реттеуге бағытталған. Заң жобаларында филаиалдарды құруға тыйым салуға негіз болатын мақсаттар мен олардың жұмыс түрлері айқындалған». «Мұндай шектеулердің негізділігі мен орындалығы Конституция нормаларынан туындаумен бірге жаппай мойындалған әлемдік тәжірибеге сәйкеседі»,- деп пайымдайды депутат. Өйткені, «кейбір өркениетті батыс елдерінің өзінде констиуциялық құрылымды күшпен өзгерту, елдің қорғаныс қабілетін кеміту, қоғамды жікке бөлу, ұлтаралық және дінаралық араздық отын өршіту арқылы әлеуметтік-саяси ахуалды ушықтыруды көздейтін филардардың іс-қызметіне тыйым салынған».
В.Котовичтің айтуынша, филиалдарды әділет министрлігінде аккредитациялау туралы заң жобасында көрініс тапқан талап «әлемдік тәжірибеге негізделген». Мәселен, халықаралық үкіметтік емес ұйымдарды құқық субьектісі ретінде тану жөніндегі Еуропалық конвенцияда ұлттық ұйымдарға қолданылмайтын шектеу шараларының оларға қатысты қолданылу мүмкіндігі ескертілген. Үкіметтік емес ұйымдардың Еуропадағы мәртебесі туралы негізгі принциптердің 37-ші бабында қарастырылғанындай, шетелдік үкіметтік емес ұйымдардан жкелеген елде іс-қызмет жүргізуге рұқсат алу талабы қойылады. «Бұл құжаттың 47-бабында мемлекет тарапынан қор немесе басқа да мекемелердің жұмысына төтенше бақылау қою құқығын иемденетіні айтылған. Біз, заң шығарушылар ретінде дәл осы құқықты пайдаланғалы отырмыз»,- деді В.Котович.