Қоғамдық ұйымдар Зағипа Балиеваны "Асыл ана" деп атауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамдық ұйымдар Зағипа Балиеваны "Асыл ана" деп атауды ұсынды

Қоғамдық ұйымдар Зағипа Балиеваны "Асыл ана" деп атауды ұсынды

Балиева өзіне қарата айтылған ұсынысқа қатысты жауап қатқан жоқ. 

  • 1 Маусым 2018
  • 88
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Елімізде 12 жасқа дейінгі баланы қараусыз қалдыруға заңмен тыйым салынуы мүмкін. Өйткені, жасөспірімдер арасында өлім-жітім өршіп тұр. Былтырдың өзінде жүздеген ұл-қыз өзіне қол салып өмірімен қош айтысқан. Бейбіт күнде балалар неге ажал құшып жатыр?

Балаларды қорғау мерекесі қарсаңында омбудсмен Зағипа Балиева тым белсенді. Бүгін мәжіліске тек, баяндамасын ғана емес, өзіне қол салмақ болған 15 жастағы қызды да ерте  келіпті. Бет жүзін  маскамен жасырған жасөспірімнің көрген қорлығы жиналғандардың жүрегін шымырлатты.

Әке-шешем 5 жыл бұрын қайтыс болды. Осы уақытқа дейін әпкемнің қолында тұрдым. Бірақ, өмір сүргім келмеді. Бір күні мектепте қиындықтар болып, суицид жасаймын деп шештім. Бірақ, қолым бармады. Кейін 111-ге яғни сенім телефонына қоңырау шалдым. Ондағы психологтар өмірімді сақтап қалды”, – дейді ол.

Депутат әрі омбудсмен өлімнен аман қалған қыздың өмірін мысал етіп, суйцидтің өршіп тұрғанын жасырған жоқ. Статистика расымен адам шошытады.  Ел аман, жұрт тынышта Қазақстан бойынша 5 мыңнан астам бала түрлі оқыс оқиғалардан көз жұмған. Мәселен, былтыр елімізде 26 жасөспірім қандықол  қаскөйлердің қолынан мерт болса, тағы 136-сы   жалғыздық, ішкі күйзеліс пен өміріндегі түрлі қиындықтардың  кесірінен  өз-өзіне  қол салған. Суицидтің себебін осылай түсіндірген Балиева ата-аналарға балаларының кімдермен дос екенін, уақытын қалай өткізетінін үнемі бақылауда ұстау керектігін айтты.

“Көбі суға кетіп немесе көлік апатына түсіп көз жұмды. Ал  100-ден астамы терезеден құлап өлген. Осындай қайғылы жағдайды болдырмау үшін терезе шығаратын компаниялармен келіссөз жүруде. Яғни, олар шыбын-шіркей, маса өткізбейтін тормен қоса, ұл-қыздарды құлатпайтын  қорған қоюы тиіс”, – дейді Балиева.

Әрі депутат балалар кодексін қабылдап, 12 жасқа дейінгі жеткіншектерді үйде  жалғыз қалдыруға заңмен тыйым салуды ұсынды. Егер қабылданып жатса, жауапсыз ата-аналар жаппай жазаланбақ. Бірақ, бұдан мәселе шешіле қоюы екіталай.  Өйткені, ұл-қыздардан көз алмай күні бойы бақылау мүмкін емес. Бір қызығы, бүгінгі отырыста  Оңтүстік Қазақстанда  зорланды делінген 7 жасар баланың тағдыры мүлдем сөз болмады.


Тек Мәжіліске омбудсменді  қолдайтын қоғамдық ұйымдар жиналғандай әсер қалдырды. Тіпті солардың бірі Зағипа Балиева   «Асыл ана» деп атауды ұсынып, жиналғандарды таңқалдырды.

Ал, Балиева өзіне қарата айтылған ұсынысқа қатысты жауап қатқан жоқ. Соған қарағанда «Асыл ана» деген атауды ұнатқан сияқты. Жиынды ың-шыңсыз өткізген омбудсмен барлық ата-анаға ұл-қызын қорғау үшін  көбірек көңіл бөліп, олармен  сырласып, үнемі сөйлесіп тұруға  кеңес берді.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстан Қытайға астықты жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуы мүмкін 

Алматыда ірі жол апатынан үш адам зардап шекті
 

Соңғы жаңалықтар