«Қазір Қазақстанда 2 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Оппозициялық газеттер де нақты жұмыс істеп жатыр. Оған қалағанның бәрі көз жеткізе алады»,- деді президент. Осы орайда ол «баспасөзге экономикалық қолдау көрсету үшін соңғы 4 жыл бойына қосалқы құн салығы алынбай отыр. Радиожиіліктерді пайдаланғаны үшін төленетін жыл сайынғы төлемдер мөлшері де барған сайын азая түсуде. Қазақстан қоғамы үшін маңызды тақырыптарды жария ету үшін барлық БАҚ-тарға мемлекеттік тапсырыстар беру механизмі қолданылуда»,- деп атап өтті. «Соңғы 4 жылда мемлекеттік тапсырыс алу үшін байқауға өтініш бергендер саны 10 есе артты»,- деді Н.Назарбаев.