Қоғамның билікке деген сенімі сот жүйесіне деген сенім деңгейімен өлшенеді - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамның билікке деген сенімі сот жүйесіне деген сенім деңгейімен өлшенеді - ҚР президенті

Қоғамның билікке деген сенімі сот жүйесіне деген сенім деңгейімен өлшенеді - ҚР президенті

Қоғамның билікке деген сенімі сот жүйесіне деген сенім деңгейімен өлшенеді. Бүгін, 3-маусымда ҚР судьяларының ІҮ сьезінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Маусым 2005
  • 474
Фото - Caravan.kz

«Сот азаматтардың құқығымен бостандығын қорғауды күшейтіп, қоғамға құқықтық кеңістік шеңберінде дамуға мүмкіндік беруге тиіс. Соттың қорғауында болу кепілдіктері туралы Конституциялық қағиданы жүзеге асыру — мемлекет тарапынан соттардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасаумен тығыз байланысты»,- деді Н.Назарбаев.

Елбасы кейінгі кездері соттарды материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз етуге бөлінетін бюджет қаржысының көлемі сатылы түрде өсе түскенін еске салды. «Егер 2002-жылы бюджеттен бұл мақсатқа 4,8 млрд. теңге бөлінсе, биыл 8 млрд. теңге қарастырылған»,- деді ол. Елбасының айтуынша, 2001-жылдан бері ҚР Жоғарғы соты, 8 облыстық және 231 аудандық сот жаңа ғимаратқа көшсе, соттардың қарамағындағы 48 ғимаратқа күрделі жөндеу жасалды. «Соттардың негізгі материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілу деңгейі 2001-жылғымен салыстырғанда екі есе өсті, бүгінде әрбір судья қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген»,- деді мемлекет басшысы. «Түрлі қиындықтарға қарамастан, ақшаны жұмсайтын басқа тауқыметтердің шаш-етектен болғанына қарамастан, біз бұл істерді арықарайғы реформалардың маңызды факторы деп санадық»,- деді Н.Назарбаев.
«Сот жүйесі қалыпты және әділетті жұмыс істемейінше, экономикалық және саяси реформалар тоқырауға ұшырайтыны сөзсіз»,- деп қорытты өз сөзін Елбасы.

Перейти к новостям спорта