Қол добынан Қазақстан чемпионатының 1-турында суперлига командалары арасында астаналықтар ғана жеңіліссіз келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қол добынан Қазақстан чемпионатының 1-турында суперлига командалары арасында астаналықтар ғана жеңіліссіз келеді

Қол добынан Қазақстан чемпионатының 1-турында суперлига командалары арасында астаналықтар ғана жеңіліссіз келеді

Алматыда қол добынан суперлига мен жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 1-туры өтіп жатыр.

  • 21 Ақпан 2012
  • 395
Фото - Caravan.kz

19 ақпанда басталған бұл жарыс жұма күні аяқталады.

Суперлига командалары арасында кеше Оңтүстік Қазақстан облысының «Қазығұрты» Батыс Қазақстан облысының «Ақжайығына» 19:41 есебімен ұтылып қалды. Астаналықтар Алматы облысының «Іле» командасын 38:30, ал Қызылорда облысының «Сейхун-КАМ» командасы алматылықтарды 33:19 есебімен ұтты. Жарыстың алғашқы күні «Алматы» мен «Астана» (23:31), «Іле» мен «Ақжайық» (39:37), «Сейхун-КАМ» мен «Қазығұрт» (36:21) өзара күш сынасып, алғашқылары жеңіске жеткен болатын.

Жоғары лигадағы командалар арасында кеше алматылықтар («Алматы-2») қызылордалықтарға (Сейхун-КАМ-2») 18:26 есебімен ұтылып қалды. Олар алғашқы ойында Қарағанды облысының командасынан (40:13) басым түскен болатын. «Іле-2» командасы болса Қостанай (31:19) мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан («Қазығұрт-2») келген құрдастарын (28:25) қапы қалдырды. Алматылықтарға есе жіберген қарағандылықтар Павлодар облысының спортшыларынан да 14:24 есебімен жеңіліс тапты. Астаналықтарды («Астана-2») 6:36 есебімен ойсырата жеңген Шығыс Қазақстан облысының «Әділ» командасы оның алдында павлодарлықтарға 28:14 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера