Жарияланды: 440

Қолайсыз күн райы Оңтүстік Қазақстан облысында мақта түсімін жинауға кедергі келтіруде

Шымкент. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жаңбырлы күн райы мақта түсімін жинауға кедергі келтіруде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Қанатбек Оспанбековқа сілтеме жасап.

"Кейінгі аптада жаңбыр күнде жауып, мақташылардың түсім жинау жұмыстарын кешеуілдетіп отыр. Бүгінгі жағдаймен 293 мың тонна мақта жиналды, бұл межелі көлемнің 92% тең", - деді Қ.Оспанбеков. Күн райы қолайлы болған жағдайда дихандарда тағы да 40 мың тонна мақта жинап алуға мүмкіндіктері бар. "Аудандардан келіп жатқан болжамдарға сәйкес, біз нәтижесінде 330 - 335 мың тонна шикі мақта жинап алуға тиіспіз", - деді Қ. Оспанбеков. Ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, шикі мақтаның бір килограммының бағасы 51 - 52 теңгені құрайды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін