Қолайсыз күн райы Оңтүстік Қазақстан облысында мақта түсімін жинауға кедергі келтіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қолайсыз күн райы Оңтүстік Қазақстан облысында мақта түсімін жинауға кедергі келтіруде

Қолайсыз күн райы Оңтүстік Қазақстан облысында мақта түсімін жинауға кедергі келтіруде

Шымкент. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жаңбырлы күн райы мақта түсімін жинауға кедергі келтіруде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Қанатбек Оспанбековқа сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2008
  • 423
Фото - Caravan.kz

«Кейінгі аптада жаңбыр күнде жауып, мақташылардың түсім жинау жұмыстарын кешеуілдетіп отыр. Бүгінгі жағдаймен 293 мың тонна мақта жиналды, бұл межелі көлемнің 92% тең», — деді Қ.Оспанбеков.

Күн райы қолайлы болған жағдайда дихандарда тағы да 40 мың тонна мақта жинап алуға мүмкіндіктері бар.

«Аудандардан келіп жатқан болжамдарға сәйкес, біз нәтижесінде 330 — 335 мың тонна шикі мақта жинап алуға тиіспіз», — деді Қ. Оспанбеков.

Ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, шикі мақтаның бір килограммының бағасы 51 — 52 теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар