Қоластындағыларды еркіне жіберген ақтөбелік әкімдер жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоластындағыларды еркіне жіберген ақтөбелік әкімдер жауапқа тартылды

Қоластындағыларды еркіне жіберген ақтөбелік әкімдер жауапқа тартылды

Ақтөбе облысында қос бірдей аудан әкімінің ісі сотта қаралды. Себебі, олар жемқорлыққа жол берген қызметкерлерін жазаламаған. Қарғалы ауданының басшысы орынбасарын қорғаштаса, ал Хромтау ауданының әкімі қарамағындағы бөлім басшыларының заңсыз әрекеттеріне көз жұма қарапты. Енді сол үшін жүз мың теңгеден айыппұл төледі. Жазалы болған әкімдерге қатысты іспен тілшіміз Жаңалық Ахаш танысып қайтты.

  • 29 Тамыз 2015
  • 402
Фото - Caravan.kz

Сотқа шақыртылған шенеуніктердің бірі — Қарғалы ауданының әкімі Рахат Сыдықов. Оның есімі балабақша ғимаратына қатысты даудан соң елге танылды. Қыруар қаржыны ысырап қылғаны үшін Елбасының өзінен сөз естіді. Ал Хромтау ауданының әкімі Аязбай Усманғалиев бұған дейін қарамағындағы жүкті келіншікті жұмысқа жеккені үшін сөгіс алған еді. Енді бұл жолы олар жемқорлыққа жол берген қызметкерлерін жазаламағаны үшін айыпталып отыр.

Гүлзия Мақсатқызы, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

— Облыстағы екі ауданның әкімі тәртіптік кеңестің шешімін ескермей, қарамағындағыларға құқық бұзушылық жасағаны үшін шара қолданбағаны үшін әкімшілік жазаға тартылып, кінәлі деп танылып, елу айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынған болатын.

Тәртіптік кеңестің талқысына түскен мемлекеттік қызметкерлерді жазалау әкімдердің құзырында. Ал қос ауданның басшысы енді олардың дегенін уақытылы істемегені үшін жүз мың теңгеден айыппұл төлепті. Себебі Рахат Сыдықов орынбасарын жұмыстан қумай қорғаштаса, Аязбай Усманғалиев қос бірдей бөлімнің басшыларына ескерту де жасамаған.

Өңірдегі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент өкілдері әкімдердің айыппұлмен болса да жазаланғанына шүкіршілік етіп отыр.


Жақсылық Үмбетқалиев, Ақтөбе облыстық тәртіптік кеңесінің хатшысы:

Олардың істі болғаны басқа лауазымдарға тағайындалар кезінде де ескеріледі. Себебі, әкімшілік жазаға тартылғандарды мемлекеттік қызметке қабылдауда шектеу бар.

Қос әкім қазір өз қызметтерінде. Тәртіптік кеңестегілер олардың енді шалыс басса жұмыстарынан кететінін айтады. 

Соңғы жаңалықтар