Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Adyrna.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін ведомство экс-министрдің қаңтар оқиғасы кезіндегі "әрекетсіздік фактісі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған.
«Министр Бектанов қолбасшылық қасиет көрсетпеді. Қолымызда командалық-штабтық және әскери оқу-жаттығулар кезінде жақсы нәтиже көрсеткен армия болғандықтан, біз қиын жағдайда оның әлеуетін пайдалана алмай, сырттан көмекке жүгінуге мәжбүр болдық», — деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бітімгершілік контингенті әкелу қажеттігін түсіндіргенде.