Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қазақтың санын көбейту үшін қолдан келсе, асырай алса тоқал алу керек. Кез келген ұлтқа қазақтың қаракөз қыздарын бергеннен гөрі қазақтың азаматтары алып, асырап, дүниеге қазақ деген ұлтты әкелу керек деп ойлаймын. Өз жерімізге, елімізге пайдамызды тигізуіміз керек. Ең болмағанда қазақ қыздарын асырау керек шығар. Мемлекеттік тұрғыда балаларға үлкен қаражат бөлу керек деп ойлаймын. Сол кезде ғана біздің ұлтымыздың саны көбеюі мүмкін. Жалпы мен тоқалдыққа қарсымын деп айта алмаймын. Себебі, ол болашақ үшін керек дүние. Кейбірі 1-2 баламен қазақтың саны көбейе ме деп ренжуі мүмкін. Мысалы, егер де Бәйдібек атамыз Домалақ анамызды алмайтын болса, одан Жарықшаққ деген жалғыз бала тумайтын болса албан, суан, дулат деген үш ру болмайтын еді. Бір баладан көбейтіп, Алматы, Шымкент, Жамбыл, Талдықорған үш облысты ұстап отыр. Сондықтан мен осындай дүниелерді осы бастан қолға алу керек деп ойлаймын. Бір бала болса да қазаққа пайдасы тиетін азамат болса екен, жақсы адам болса деген ниетпен бүлдіршіндерді дүниеге әкелу керек" — дейді ол.