Қолдан қымбатшылық істейтін сатушылар жауапқа тартыла ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қолдан қымбатшылық істейтін сатушылар жауапқа тартыла ма?

Қолдан қымбатшылық істейтін сатушылар жауапқа тартыла ма?

Арзан тауарды әкімдік өкілдерімен бірге жүрсең ғана аласың! Бүгін осындай бір топ астаналық азық-түлікті бір сәтке арзанға алып мәз болып қалды. Өйткені әкімдік базардағы тауар бағасының көтеріліп кетпеуін қадағалап тексеру жүргізген болатын. Сатушылар да олардың келетінін алдын ала біліп алса керек, азық түлік бағасын түсіріп қойыпты. Бірақ төмен бағаға базарлық алып қарық болған жұрттың қуанышы ұзаққа бармады. Әкімдік өкілдері кеткен бойда баға қайта өзгеріп шыға келген.

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 508
Фото - Caravan.kz

Базардағы қымбатшылықты көріп жағасын ұстаған жұрт әкімдік қызметкерлерін осылай қарсы алды. Азық-түлік бағасының шарықтағанын айтып шағымдарын қарша боратты.

— Қымбат! Қымбат! Бәрі қымбат!

— Қымбат па? Жүр көрсетіңіз.

Артынан шенеуніктер базарды аралап, бағаны өздері көріп шықты. Әр сатушының алдына келіп тауар құнын қымбаттатып жатқан жоқ па? Сұрап шықты. Бір қызығы, бағанадан «бағасы көтерілді» деген азық-түлік құны сол қалпында тұр екен.

— Поставщики как? –Поставщики? Нормально. –Цены не повышают? –Нет, все так же.

Азық-түлік бағасы бір қалыпты. Көтерілмеген. Қол жетімді. 60 теңге келісі. Пияздың да, орамжапырақтың да.

Ал, аяқасты арзандаған тауарды алып тұрғындар да мәз. Қажетті көкеністерді арбаға толтырып, ақшаларын едәуір үнемдеді. Әкімдіктегілер де, тауар бағасын осы қалпында сақтаймыз деп уәде беріп отыр.

Әсет Құрманғалиев, Астана қалалық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

— Базардағы баға өсіп кетпеуін күнде қадағалаймыз. Аудандық әкімдіктер де осы мақсатта жұмыс істеп жатыр.Бірақ базардың аты базар. Кейбір сатушылардың бағаны өсіріп жіберетіні рас. Бірақ ондайға жол бермейміз.

«Қымбатшылыққа жол бермейміз» деп әкімдіктегілердің жол жүріп кеткені сол еді, базар өз «заңын» қайта орната бастады. Тіпті сатушылардың бағаны құбылтып үйренгендері сонша, көз алдымызда азық-түлік бағасын өзгертіп жатты.


Зоя Медетова, Астана қаласының тұрғыны:

— Шәй алып едім және 430-дан еді, 450 болып кетіпті. Сұмдық енді. Не істейміз біз? Пенсионерміз. Балаларға сол айлығы жетпей пенсиамен көмектесіп отырмыз.   

Осылайша АҚШ долларымен бірге базардағы азық-түлік бағасы да еркін айналымда жүргендей. Бір көтеріліп, бір түсіп, құбылып тұр. Десе де, базардағы азық-түлік құнын әкімдіктегілер қадағалаймыз деп сендіріп отыр. Ал, егер қолдан қымбатшылық істейтін сатушылар болса, монополияға қарсы агенттікке ұстап бермек. 

Соңғы жаңалықтар