25 қаңтар күні жалауын көтерген спорттық додаға Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Байқоңыр, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан, Өскемен, Шу және Шымкент қалаларынан 128 ер спортшы мен әйелдер арасында 16 адам сынға түсті.
Аталған чемпионаттың қорытындысы бойынша әйелдер арасында алматылық спорт шебері Анель Бекбосынова бірінші орынды жеңіп алды. Ал екінші орынды тараздық Арай Бәйімбетова, үшінші орынды қызылордалық Салтанат Маханова алды.
Ерлер арасында чемпиондық атаққа ақтық сыңында Максим Панды 5:1 есебімен ойсырата жеңген астаналық Қуаныш Абпасов лайық деп танылды. Екінші орында Максим Пан, үшінші орынды алматылық Эмиль Мударисов пен Айдос Туғанбаев бөлісті.
Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, өткен чемпионаттың нәтижесінде Қазақстан құрамасы жасақталды, олар ағымдағы жылдың 21-24 ақпанында Алматыда өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Бұл елімізде дәстүрлі түрде өтетін 5-Әлем чемпионаты болмақ.