Десе де сот жазықсыз жанды сабап, жасамаған қылмысын мойындатқысы келген басқа сақшыларға қатысты үкімін шығарды. Жәбірленушіні ұрып- соққан екі жедел уәкіл Азат Захаров пен Берік Салихаров 5 жылға бас босандықтарынан айырылса, сотқа келмей қашып жүрген тергеуші Еркін Ыдырысовқа сырттай 6 жыл кесілді. Ал қызметкерлерінің қылмысына көз жұма қараған криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жігер Ұзақбеков 2 жылға сотталды. Естеріңізге сала кетейік, оқиға биыл маусым айында болған. Банктен ақша жымқырған алаяқтардың сыбайласысың деп бейнүнә азаматты полицейлер бөлімше ішінде соққыға жығыпты.