Қолөнер шеберлерінің республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қолөнер шеберлерінің республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады

Қолөнер шеберлерінің республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады

Маусымның 18-інде Астана қаласындағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында қолөнер шеберлерінің «Шебер-2010» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 15 Маусым 2010
  • 1500
Фото - Caravan.kz

Бұл байқау Қазақстанда осымен екінші рет өткізіліп отыр. Байқауды өткізудегі мақсат — Қазақстанда қолөнер бұйымдарын жасауды дамыту, ең талантты, болашағы бар қолөнер шеберлерін іздеу, сонымен қатар отандық қолөнер шеберлерінің жетістіктері мен жасаған бұйымдары жайлы қоғамды ақпараттандыру.

Іс-шараға халықаралық ұйымдардың, елшіліктер өкілдері, мемлекеттік және жеке құрылымдар, БАҚ өкілдері қатысады.

Марапаттау барысында қазақстандық модельер Досанова Балхия мен шебер Жанқұтты Күләннің киізден жасалған ұлттық үлгідегі киімдер көрсетілімі өтеді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ байқау аясында ҚР Президенттік мәдениет орталығының көрме залында сол күні Казақстанның барлық аймағынан жиналған шеберлердің қолөнер бұйымдары қойылған көрме-жәрмеңкесі ашылады. Атап айтқанда, көрме-жәрмеңке 2010 жылдың 20 маусымына дейін жалғасады.

Байқауды ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Шеврон» компаниясы және Орталық Азиядағы Еуразия қорының бастамасы бойынша «Our Нeritage» қоғамдық қоры «Қазақстандағы көркем қолөнер кәсібін жаңғырту және қолөнерді дамыту» бағдарламасы аясында өткізіп отыр.