Ауқымды акция Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ұлытау, Қарағанды, Жамбыл облыстарында өткізілді.
Бұл жолы іс-шара аясында 800-ге жуық отбасы көмек алды. Бұл ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, асыраушысынан айырылған отбасылар.
Әр өңірден 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Оларға азық-түлік жиынтығы мен қажетті тауарлар берілді, атап айтқанда: күріш — 5 кг, қант — 10 кг, ұн — 10 кг, жарма түрі — 5 кг, халуа — 2 дана, кәмпит — 2 кг, печенье — 2,4 кг, макарон — 10 кг, қара шай — 500 гр, өсімдік майы — 5 л, картоп — 5 кг, қырыққабат — 5 кг, сәбіз — 5 кг, пияз — 5 кг, кір сабын, тіс пастасы, зығыр ұнтағы — 3 кг/5 л, дәретхана сабыны — 1 пакет, сусабын.
«Біз үшін мұқтаж жандарға атаулы көмек көрсету аса маңызды. «Qolqanat» акциясын үшінші жыл қатарынан «Madeni Qazyna Qory» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырып келеміз. Жыл сайын көмекке мұқтаж 2000-ға жуық отбасыға көмек берілді. Серіктестерімізге, аймақтық қайырымдылық қорларына ынтымақтастық үшін, еріктілерге еңбегі мен жауапкершілігі үшін алғыс айтамыз»,
— деді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.