«Қолтырауын» есірткісі Ақтөбеге де жеткен
|
Ақтөбеде «қолтырауын» деп аталатын қауіпті есірткіні қолданушылар көбейіп барады. Полицейлер осы есірткіге есіргендердің ордасын көп қабатты үйдегі пәтерлердің бірінен тапты.
Сондай-ақ нағыз зертханаға айналған пәтердентұздан өзге дәрі-дәрмек, спирт тағы басқа заттар табылды. Нашақорлар бұдан героиннен де күшті дезоморфинерітіндісін дайындайды екен. Жасалауы қарапайым болғанымен, химиялық қоспаның салдары қорқынышты. Оны ұзақ уақыт пайдаланған нашақордың терісі іріп, еті сүйегінен ажырап қалады дейді дәрігерлер. Ақтөбеде мұндай есірткі түрі алғаш рет анықталып отыр. Бұған дейін “қолтырауын” тек Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарында тәркіленген еді. Нашақорлар удан кем түспейтін есірткі түрін жалдамалы пәтерде әзірлепті. Қылмысқа үй иесінің де қатысы бар. Ол есірткі іздеп келген әр нашақордан 200 теңге көлемінде ақы алып отырған.
Алмат Иманғалиев, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
-Пәтерлердің біріне нашақорлардың келіп жүргендігін полицейлерге сол үйдің тұрғындары хабарлады. Тексеру кезінде тұрғындардың шағымы расталып, үй қожайының нашақорлардан 200 теңге соммасында ақша алу арқылы оларға өз есрткі құралдарын қабылдау үшін ұсынып отырғандығы анықталды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін