Тіпті, ол өз бойындағы кемшіліктерін тізіп берді, деп жазады Stan.kz.
«Көпшіліктің назарында жүргендіктен, сұлулықтың стандартына жетуге тырыстым. Оны өзім ойдан құрастырып алған едім. Өзіме бойым қысқа сияқты көрінетін. Көйлегімнің әр шетінен білініп тұратын майлардан арылу үшін залдан шықпадым. Қартаюдың салдарын жоятын, терінің тегіс болуын уәде ететін косметологиялық салондарға да бардым. Шашым да қалың емес, қолым толық, аяғым қысқа, белім жіңішке емес, мұрным «картоп» тәрізді, ернім симметриялы, көзімнің түсі де өзім қалағандай емес, және тізім бойынша осылай жалғаса береді», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.
Алайда әнші осыған дейін өзін жақсы көрмегенін, сол үшін болмысын сол қалпында қабылдағысы келмегенін айтты.
«Бүгінде, 35 жасымда өзім туралы қарапайым дүниені түсіндім. Мен өзімді жақсы көрмедім және сол үшін қабылдамадым. Иә, мен мінсіз емеспін. Алайда Жаратушы мен қандай қылып жаратса, сол қалпымда әдемі әрі қайталанбас ерекшемін. Табиғатта бәрі үйлесіммен, ақылмен жаратылған. Біз де жаратылыстың бір бөлігі болғандықтан, дүниеге келгеннен-ақ әдеміміз. Ал сұлулық туралы ереженің бәрі уақытпен, қоғаммен пайда болған», – дейді Мақпал.
Өз сөзінде әнші сыртқы сұлулықтан гөрі, ішкі дүниенің сұлулығына басымдылық беріп, айрықша мән беретінін аңғартты.
«Сыртқы сұлулыққа мән береміз деп, біз өзімізді жақсы көруді, Жаратушының берген болмысын жақсы көруді ұмытып кетеміз. Бізге өмір сырт келбеттің сұлулығына қол жеткізумен әурелену үшін емес, одан да маңызды дүниелер үшін уақытша берілген. Оны сүюіміз керек.
Сондықтан дене бітімім үшін көз жасымды төккеннен бұрын, болмысымды қандай керемет, лайықты дүниеге толтыруды ойлағым келеді», – дейді Мақпал Исабекова.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Исабекова алғашқы махаббаты туралы ашық айтқан еді.