"Қолымды қанға бояғым келмейді": Тиран күйеуінен қорқып, полициядан күдер үзген келіншек сөмкесіне пышақ салып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қолымды қанға бояғым келмейді": Тиран күйеуінен қорқып, полициядан күдер үзген келіншек сөмкесіне пышақ салып жүр

"Қолымды қанға бояғым келмейді": Тиран күйеуінен қорқып, полициядан күдер үзген келіншек сөмкесіне пышақ салып жүр

Өзін қорғайды деген полициядан күдер үзген келіншек, журналист Гүлмира Әбіқайға хат жазып, қауіпті қадамға барғанын айтыпты.

  • 10 Сәуiр 2023
  • 96
Фото - Caravan.kz

Амалсыз сөмкесіне пышақ салып жүруге мәжбүр болған әйел, тілшіден көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиапорталы.  

"Салеметсіз бе апай, мен сіздерден көмек сұрасам алқаш күйеуімнен кеткен едім, енді ол мені қол-аяғыңды шабам, ұстап алып машинама салам да айдалаға апарып ұрып кетем деп жатыр. Енді мен өзімді қорғау үшін пышақ және көзге себетін алып жүрсем өмірімде қыйындық көріп келемін көп, енді бір жерім сынып жатып қалсам кім қарасын маған? Гүлмира ханым көмек керек еді маған, өтініш сол еркекке психолог керек маған да керек

Қаскелең қаласы (мекен-жайын алып тастадым) пол жуамын, ішкені арақ

Заңды некедеміз, 2-рет опық жеп отырмын 3 балам бар, осы куйеуімнен 2 балам

Бір ауыз сөзбен ескертсеңіздер екен деймін милициямен келіп, әйтпесе менің әке-шешем, ағамды тыңдайын деп тұрған жоқ. Мүмкін сіздерді көріп жайымен жүрер арыз жазғам желтоқсанда қайтарып алмадым қорғаныш болыңыздар дегем, бір хабарласып "ия" деп жоқ болып кетті милиция.


Сумкама пышақ салып жүрмін машинасына салып мені ұратын болса қорғанам деп.

Қолымды қанға бояғым келмейді Гүлмира ханым!!!",- деп жазылған хатта.