“Қолымды жуайын десем тіпті мұздай су жоқ” Айгүл Орынбек Ақтау қаласының тағы бір кемшілігін әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қолымды жуайын десем тіпті мұздай су жоқ” Айгүл Орынбек Ақтау қаласының тағы бір кемшілігін әшкереледі

“Қолымды жуайын десем тіпті мұздай су жоқ” Айгүл Орынбек Ақтау қаласының тағы бір кемшілігін әшкереледі

Айгүл Орынбек осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желідегі парақшасына Ақтау қаласының кемшіліктерін тізіп жазған болатын.

  • 8 Маусым 2021
  • 1397
Фото - Caravan.kz

Бүгін тағы бір кемшілігін әшкере етті. Судың уақытпен берілетіндігін жазған заңгер,  өзгелерді жарылқап қонақ үй тұрғызып жатқандарды сынап тастады,- деп хабарлайды Caravan.kz порталы.

"Өз халқына су тауып бере алмай отырып, айдалаға қонақ үйді қалай салмақшысыңдар?

Ақтауда су уақытпен беріледі екен.
Күн ыстық шайынып алайын десем, қәзір газға су ыстып беремін деді. Қуасың ба көп қабатты үйде тұрып су ысытқаны нес , қолымды жуайын деп суды ашып қалсам тіпті мұздай су жоқ. “Бізде су уақытпен беріледі, біз үйренгенбіз”, деп күлді сіңілім.
Халық бәріне көнеді технологиясы дамыған алдыңғы қатарлы ел суға жете алмай қор болып отырғанын мына үкімет біледі ме?
Ақтаудың маңындағы ауылдарда тіпті сағатпен берілетін су жоқ деп кеше оқырмандарым жазып еді.
Ал үкімет айдалаға, туристтер үшін қонақ үй салмақшы.

Қаланың ортасында жүрген халыққа су беріп жарыта алмай жүріп , айдалаға суды қалай тасымақшыңдар?
Тегіс жерге салған үйлерің құлап жатыр, жолдарың шұрқ тесік болып тесіліп жатқан да, ойлы қырлы жерге салған қонақ үйлерің тұрады деп ойлайсыңдар ма?
Бүкіл тәттісін қонақтарға сақтап үйіп төгіп беретін жоғарыда отырған жемқор аңғал ағаларым ай?!

Өзгелерге жалпылдап, өзімізді төмпештеуді қашан қоясыңдар?
Ең бірінші өз халқыңның жағдайын жасап үйренсеңдерші!

Бозжыра тек осылай суретке түсетін әдемі локация болып қалу керек!", — деп жазба жариялады.

Желідегі оқырмандар: "Дұрыс айтасыз","Өңшең жемқорлардан күйдік","Суды уақытпен беру деген не масқара","Қонақ үйлері құрысын","Өз еліңду қарық қылып, сосын өзгелерге жағдай жасасаңдар болмас па ағалар-ай",- деген пікірлер жазды.