Қолжетімді және ұзақмерзімді несиелендірудің жоқтығы агроөнеркәсіп кешені өсімін тежеп келеді - Дариға Назарбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қолжетімді және ұзақмерзімді несиелендірудің жоқтығы агроөнеркәсіп кешені өсімін тежеп келеді - Дариға Назарбаева

Қолжетімді және ұзақмерзімді несиелендірудің жоқтығы агроөнеркәсіп кешені өсімін тежеп келеді - Дариға Назарбаева

Елімізде ауыл шаруашылығы саласында қолжетімді және ұзақмерзімді несиелендірудің жоқтығы агроөнеркәсіп кешені өсімін тежеп келеді.

  • 6 Наурыз 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  "Егемен Қазақстан" басылымында жарияланған Дариға Назарбаеваның "Бақуатты ауыл – қуатты Қазақстан" материалында айтылды.

Сенат спикері айтқандай, екінші деңгейлі банктер агроөнер­кәсіптік кешенге кредит беруді жылдан жылға қысқартуда. Мәселен соңғы 5 жыл ішінде екінші деңгейлі банктердің ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібін қаржыландыру үлесі орташа есеппен 40%-ға қысқарып кетен.  Ал жылдық 6%-дық мөлшерлеме тым жоғары, бәсекеге сай емес, тіпті өте қымбат қаржыландыру, деп айтап өтті Дариға Назарбаева.

Соңғы жылдары «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымдарының АӨК-ге кредит беруі 2 есеге ұлғайғанымен, әлі де қаражат тапшылығы сезіледі. Бұдан басқа, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның тәжірибесіне талдау жасайтын болсақ (сенаторлар осындай талдау жүргізді), ол даму институтынан шаруаларға қаражатты қайтару үшін ақылға қонымсыз қатаң талаптар қойып отырған кезекті банкке айналғаны көрінеді.Біздің шығарған қорытындымыз – саланы субсидиялау тетіктері түпкілікті қайта қарауды талап етеді,— деді Сенат төрайымы.

Сондай-ақ Дариға Назарбаева аталған сала бойынша ең бірінші және басты проблема: мемлекеттік бағдарламалардың ұзақтығы, айналым қаражатының тапшылығы мен кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы ұзақ мерзімді жоспар құруға және инвестиция­лар салуға кедергі келтіріп отырғанын айтты.


Бұған қоса реттеуші органдардың әрекеттері ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін кедергі келтіретіні де тілге тиек етілді. Олар көбінесе игі мақсат көздегенімен, диқандарға залал келтіріп жатады екен.

— Өте қарапайым сұрақ: Ресей және Беларусь мемлекеттері өздерінің ауыл шаруашылығы өнімін өнді­рушілеріне неліктен қолдау көрсетеді, ал біздің мемлекет неге қолдау көрсетпейді? Ресей мен Беларусьтің жұмыртқа шығару саласындағы мемлекеттік қолдауы Қазақ­станға қарағанда анағұрлым жоғары. Яғни Еуразиялық Одаққа ортақ нарықтағы бәсекелестік әлдеқашан мемлекеттік субсидиялар бәсекелестігіне айналған.Осы бағытта – ұлттық өнім өндіруші мен өнімді экспортқа шығарушының мүдделерін қорғау ісінде біз қатаң әрі дәйекті ұстанымда болуға тиіспіз,- деді Дариға Назарбаева.